Қ А У Л Ы
2025 жылғы 10 желтоқсан №6003-25-00-2к/3640 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы А.Отарова, жауапкердің өкілі А.Тулешовтің қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Арзайым Жумабаевна Отарованың жауапкер Абай Хайруллаевич Китаровқа қарызды өндіру туралы талап қоюымен және Абай Хайруллаевич Китаровтың Арзайым Жумабаевна Отароваға мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюымен қабылданған Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 маусымдағы қаулысына жауапкер А.Китаровтың кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
А.Отарова сотқа берген талап қоюын жауапкер қарызға алған ақшаны алты айдың ішінде қайтару туралы міндеттемесін орындамағанымен негіздеген.
А.Китаров қарсы талап қоюында, мәміле А.Отарованың психологиялық қысымы әсерінен еріксіз жазғанын, ақша берілмегенін көрсетіп, оны жарамсыз деп тануды сұраған.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен талап қоюшы А.Отарованың талап қоюы қанағаттандырылып, өзінің пайдасына жауапкер А.Китаровтан 10 000 000 теңге қарызы, 100 000 теңге мемлекеттік баж, 550 000 теңге заңгерлік қызмет үшін төленген сот шығыны өндірілген.
А.Китаровтың қарсы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған. Жауапкер кассациялық шағымында жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту және қарсы талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
147-бабына сай азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
АК-нің 151-бабы 1-бөлігіне сәйкес мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
АК-нің 272-бабына сәйкес мiндеттеме – мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс делінген.
Осы Кодекстің 273-бабының талаптарына сай заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.
АК-нің 282-бабын 1-тармағына сай ақшалай мiндеттемеге байланысты бiр адам (борышкер) екiншi адамға (кредиторға) ақша төлеуге мiндеттi, ал кредитордың борышкерден ақша төлеу жөнiндегi мiндеттерiн (ақша қарызы және басқа да мiндеттемелер) орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы мiндеттемелер, сондай-ақ зиян келтiру не негiзсiз баю салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша ақша төлеу жөнiндегi мiндеттерге, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, ақшалай мiндеттемелер туралы ереже қолданылады.
Іс құжаттарына қарағанда, талап қоюшы А.Отарова сотқа берген талап қоюын жауапкер А.Китаровтың 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Мен А.Китаров 2022 жылы Royal компаниясына ақша салынды, ал ақша компанияға салынды. Компания жабылып мен А.Отароваға он миллион ақша беруім керек. Алты айдың ішінде қайтаруым керек» мәтінді қолхат негіз болған. Демек, жауапкер А.Китаров талап қоюшы А.Отаровадан «Royal Daymond» компаниясына салып, еселеп алу үшін 10 000 000 теңге қаражат алған.
2023 жылғы 31 шілдеде талап қоюшы жауапкерге берешекті қайтару туралы хат жолдаған, алайда жауапкер оны орындамаған.
Жауапкер А.Китаров қарсы талап қоюында, қолхатты жазғанын, ол міндеттемені орындамағанын, ол қолхатты өзіне қайтарып алмағанын теріске шығармай, құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен және қорқыту ықпалымен жасалғанына байланысты жарамсыз деп тануды сұраған. Алайда, жауапкер бұл уәждерді бекітетін дәлелдемелерді сотқа берілмеген.
Бірінші сатыдағы сот жоғарыдағы заң нормаларының талаптары ескеріп, А.Китаровтың өз еркімен А.Отароваға 10 000 000 теңге қаражатты алты ай ішінде қайтаруға міндеттеніп, жазбаша қолхат бере тұра міндеттемесін
орындамауына байланысты одан көрсетілген берешекті А.Отарованың пайдасына өндіру туралы талап қоюын қанағаттандырған.
Сонымен қатар, жауапкер А.Китаровтың мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюын АК-нің 158-бабы 1-тармағының, 159-бабы 9- тармағының талаптарына сай жарамсыз деп тануға негіз болатын жеткілікті шынайы дәлелдемелер сотқа ұсынылмағандықтан негізсіз деп тапқан.
Осы ретте, жауапкердің қолхат жазылғанын жоққа шығармай, ол қолхат бойынша мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы ақшаны қайтару міндеттемесі орындалмағанын білдіреді.
Апелляциялық сатыдағы сот онымен дұрыс келіскен.
Жергілікті соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықталған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған.
Кассациялық шағымдағы уəждер жергілікті соттармен жасаған қорытындыларды теріске шығармайды, тек дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі шешімі және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 маусымдағы қаулысы күшінде, жауапкер А.Китаровтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.