ВС РК - Постановление от 12.07.2024 по делу 6001-24-00-6ап/127(2) (Административное)

6001-24-00-6ап/127(2)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 12 шілде Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев,

судьялар – Б.Т. Нажмиденов, Г.К. Нұрбаев болып,

талап қоюшының өкілі А[...].,

мүдделі тұлға өкілі Қ[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот мәжіліс залында, өзінің ашық сот отырысында талап қоюшы Д[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «№75 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «№75 мекемесі») 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 хаттамалық шешімін заңсыз деп танып, күшін жою, тұрғын үйге мұқтаж деп тану, 2021 жылғы 1 қыркүйегінен бастап тұрғын үй төлемдерін тағайындауды мәжбүрлеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы қаулысына талап қоюшы өкілі келтірген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Д[...] жоғарыда аталған талап арызбен сотқа жүгініп, негіздемесінде жауапкер тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан негіссіз бас тартқанын көрсеткен№

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 28 шілдедегі шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкер №75 мекеменің 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 хаттамалық шешімінің Д[...] қатысты бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылып, тұрғын үй төлемдерін тағайындауға қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген.

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, талап қоюшының арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер №75 мекемене талап қоюшы Д[...] тұрғын үй төлемдерін баянатпен жүгінген кезден бастап тағайындау міндеттелген.

Талап қоюшының өкілі кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған апелляциялық сатыдағы сот алқасының қаулысымен келіспей, соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, сот қаулысына өзгеріс енгізіп, талапкер Д[...] тұрғын үй төлемдерін 2021 жылғы 01 қыркүйектен бастап тағайындауды міндеттеуді сұраған.

Сот алқасы, талапкерді өкілі А[...] кассациялық шағымды қолдаған түсінігін, мүдделі тұлға өкілі Қ[...] пікірін тыңдап, әкімшілік іс құжаттарын зерттеп, шағымның уәждерін талқылап, келесі қорытындыға келеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Іс құжаттарына қарағада, Д[...] 2016 жылдың сәуір айынан бастап қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет атқарады.

2017 жылдың қаңтар айынан 2021 жылдың мамыр айы аралығында жауапкермен Д[...] тұрғын үй төлемдері төленген.

2021 жылғы 24 тамыз айында Д[...] Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы ауылы, Жұлдыз тұрғын массиві, 12 көшесі, [...] үйді жер учаскесімен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ арқылы банктік заем шарты негізінде сатып алған.

2023 жылғы 30 мамырда Д[...] №75 мекемесінің тұрғын үй комиссиясына тұрғын үйге мұқтаж деп тануды және тұрғын үй төлемдерін төлеуді сұрап жолдаған баянаты 2023 жылғы 30 мамырдағы тұрғын үй комиссиясы отырысында қаралып, қанағаттандырудан бас тартылған.

Бірінші сатыдағы сот талапкердің арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдағанда Д[...] орындалмаған ипотекалық несиесі бар екендігін, мемлекеттік қордан тегін тұрғын үй ешқашан алмағанын, сатып алған тұрғын үй банкте кепілде тұрғанын ескеріп, жауапкердің заң нормаларын дұрыс қолданбағаны салдарынан талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған деген тұжырымдаған.

Апелляциялық сатыдағы сот алқасы бірінші сатыдағы соттың талап арызын қанағаттандыру бөлігіндегі тұжырымымен келісе отырып, сот шешімінде тұрғын үй төлемдері нақты қай уақыттан бастап төлену керектігі анық көрсетілмегендіктен, шешімнің бұл бөлігі өзгертіліп, Д[...] тұрғын үй төлемдері жауапкерге баянатпен жүгінген кезден, яғни 2023 жылдың 30 мамырынан бастап тағайындалуға жатады деп қорытындылаған.

Талап қоюшы Д[...] «Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-3 бабының 1 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың тізіміне жатуына байланысты, оның құқықтары қалпына келтірілген.

Заңның 101-2 бабының 1-тармағына сәйкес, егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы, жүзеге асырылады.

Сот алқасы апелляциялық сатыдағы соттың талап қоюшыға тұрғын үй төлемдері жауапкерге баянатпен жүгінген кезден бастап тағайындалуға жатады деген тұжырымымен толықтай келіседі, себебі жоғарыда аталған Заң нормаларына сәйкес, талапкер 2023 жылдың 30 мамыр айында жауапкерге баянатпен жүгінген.

Төменгі сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған.

Талапкердің өкілі кассациялық шағымында Д[...] 2021 жылы тұрғын үй төлемдерін сұрап баянат жолдаған деген уәждерін сот алқасы негіссіз деп тапты, себебі тұрғын үй комиссиясының 2021 жылғы 2 қыркүйектегі шешімемен аталған баянат қанағаттандырусыз қалдырылған, бұл шешім заңды күшінде, тараптармен уақытылы сотқа шағым келтірілмеген.

Апелляциялық алқа сотымен іс құжатары жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдамасымен келіспеуі, сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.

Сондықтан, сот алқасы іс бойынша қабылданған апелляциялық алқа сотының қаулысын өзгертуге немесе оның күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы қаулысы өзгеріссіз күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының өкілі А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Г.Б. Дуйсенбаев

Судьялар

Б.Т. Нажмиденов

Г.К. Нұрбаев Көшірмесі дұрыс. Судья

Г.Б. Дуйсенбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.