Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 10.11.2025 по делу 6003-25-00-2к/1177 (Гражданское)

№ 6003-25-00-2к/1177

(қарар бөлігі)

2025 жылғы 10 қараша Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші - судья Г.С.Джаппарова судьялар А.К.Айкенова, Д.Д. Махметова талап қоюшы Т.Б.Дауытовтың, жауапкердің өкілдері К.С. Құбатайдың, Н.А.Юлимбетовтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Турехан Бекбулатович Дауытовтың жауапкер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі» мемлекеттік мекемесіне жұмыстан шығару туралы бұйрығын заңсыз деп тану, лауазымына қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген күндері үшін жалақыны өндіру туралы талап қоюы бойынша қабылданған

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 шілдедегі ұйғарымына жауапкердің кассациялық шағымымен түскен электронды азаматтық істі қарап,

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5)-тармақшасын басшылыққа алып, сот

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 шілдедегі ұйғарымының күші жойылсын.

Қосымша қаулы шығару мәселесі іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілсін.

Жауапкердің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Г.С.Джаппарова

судьялар А.К.Айкенова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.