6001-23-00-3г/2869
ҰЙҒАРЫМ
2023 жылғы 3 шілде Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-нің (әрі қарай – Басқарма) жауапкер дара кәсіпкер Ж[...] өз бетімен салынған құрылысты жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 20 ақпандағы шешімін және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 2 мамырдағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы Басқарманың өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Басқарма сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 20 ақпандағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 2 мамырдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхат иесі сот актілерімен келіспейтіндігін, сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраган. Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірініші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын. Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.