ВС РК - Определение от 24.02.2020 по делу 6001-20-00-3Г/932 (Гражданское)

6001-20-00-3г/932

ҰЙҒАРЫМ

2020 жылғы 24 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы С.Ү. Баймаханов,

талап қоюшы Б[...] Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 12 қарашадағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхатын алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Б[...] электрондық аукцион арқылы сатып алған автокөлігіне қойылған шектеуді алып тастау туралы талаппен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының Абай аудандық сотының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен талап қою арыз қанағаттандырылған. Автокөлікке қойылған шектеу алынып тасталған.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен шешімнің күші жойылып, талап қою арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.

Өтінішхатта талап қоюшы сот алқасының қаулысымен келіспейтіндігін көрсетіп, оның күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін қалпына келтіруді сұраған.

Өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 438, 443-баптарын басшылыққа алып, судья

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Шымкент қаласының Абай аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.

Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.

Судья

С. Баймаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.