6001-22-00-6ап/738
ҚАУЛЫ
2022 жылғы 14 шілде Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар Ш.Т.Даниярова, Г.Б.Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның прокуроры
Д[...],
талап қоюшының өкілі А[...],
жауапкерлер:
«Түркістан облысы, [...] жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі М[...],
Келес ауданы әкімдігінің өкілі О[...],
«Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Б[...],
мүдделі тұлғалар «Ержан-2020» АӨК-нің өкілі О[...], К[...] және өкілі З[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы ашық сот отырысында талап қоюшы Р[...] жауапкерлер «Түркістан облысы, [...] жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Жер қатынастар бөлімі), Келес ауданы әкімдігіне (бұдан әрі – Аудан әкімдігі), «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылғы 14 шілдеде өткен «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі» конкурстың корытындылары жөніндегі №15 хаттамасын (бұдан әрі – даулы хаттама) күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 ақпандағы қаулысына талап қоюшы Р[...] және мүдделі тұлға К[...] өкілі З[...] келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Р[...] даулы хаттамамен келіспей, жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Онда «АТ[...]» ЖШС құрылтайшысы С[...] конкурсқа қатысушы ретінде және жер комиссиясының мүшесі болып қатысып, конкурс жеңімпаздардың анықтауына қызығушылық білдіргенін көрсеткен.
Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 11 қарашадағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған. Даулы хаттаманың №136 лотқа қатысты шешімі заңсыз деп танылып, бұзылған. Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі өзгертілген. Сот шешімнің талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тарту бөлігінде күші жойылып, бұл бөлігінде жаңа шешім қабылданған. Даулы хаттаманың №119 лотқа қатысты шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылған. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы өзінің кассациялық шағымында апелляциялық сот алқасы іс бойынша шешім қабылдағанда материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, дау айтылған сот актінің күшін жойып, талап қоюды толығымен қанағаттандыруды сұраған.
Сонымен қатар, мүдделі тұлғаның өкілі кассациялық шағымында апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін қалпына келтіруді сұраған.
Іске қатысушылардың пікірлерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Мұндай заң бұзушылықтарға апелляциялық сот алқасымен жол берілмеген.
Іс материалдарынан анықталғандай, 2021 жылғы 14 шілдеде Жер қатынастар бөлімі Келес ауданындағы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру үшін 53 лот бойынша конкурс өткізіп, 29 лот бойынша жеңімпаз анықталған.
Р[...] №119 мен №136 лоттар бойынша конкурсқа қатысқан.
Конкурс нәтижесінде, №119 лот бойынша - К[...], №136 лот бойынша - Д[...] жеңімпаз болып танылған.
Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №186 қаулысымен ауданның арнайы жер қорынан жеке (29 тұлғаға) және заңды тұлғаларға жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл ұзақ мерзімге өтеулі уақытша пайдалану үшін жалға берілген. С[...] «АЖТ[...]» өндірістік кооперативінің (бұдан әрі – ӨК) құрылтайшысы болып табылады.
2021 жылғы 10 қыркүйектегі хаттамаға сәйкес «АЖТ[...]» ӨК қатысты мүдделер қақтығысы болғандықтан даулы хаттамасының №№117, 119, 121, 131, 132, 146 лоттарына С[...] «АЖТ[...]» ӨК-нің құрылтайшысы болғандықтан оның әр лот бойынша бір дауысы жарамсыз деп танылған.
№№117, 119, 121, 131, 132, 146 лоттарына қатысты даулы хаттамасындағы 8-тармағындағы кестенің «Өтінім берушінің жеңімпаз деп айқындау үшін негіз болған мән-жай» деген бағанасындағы қабылданған шешімі «Қағиданың 24 мүшелерінің дауысын алуымен анықталды» деген сөзбен ауыстырылған.
Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды ішінара қанағаттандырып, даулы хаттамасын зерделеп, комиссия мүшелері №136 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын балл беру арқылы салыстырылмағанын, ұсыныстардың басқа да мән-жайлары салыстырылмағанын және хатшыдан басқа комиссия мүшелері конкурстық құжаттарды қарамағанын, конкурсқа қатысушылардың ақпараттары салыстырмағанын және зерделенбегенін анықтап, конкурстың №136 лот бойынша жер комиссиясымен қабылданған шешімі заңда көзделген тәртіпке негізделмегендіктен күшін жоюға жататыны туралы тұжырымға келген.
Осыған қоса, конкурстық комиссияның №119 лотқа қатысты шешімі бойынша комиссия мүшелері тиісті өлшемшарттарды ескеріп, ұсыныстарды бағалап, салыстырып, жеңіп алған конкурстық өтінімге балл беру жолымен айқындалғаны деп көрсеткен.
Апелляциялық сот алқасы №119 лотқа қатысты шешімі бойынша бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келіспей, конкурстың аудиобейнежазбасын зерделеп, конкурстың отыз бір мүшелелері толық қатыспағанына қарамастан, хаттамада олардың бәрі хаттамаға қолдарын қойғанын анықтаған.
Одан бөлек, осы лот бойынша конкурстың қатысушы және жер комиссияның мүшесі ретінде «АЖТ[...]» ӨК-тің құрылтайшысы қатысқан.
Осыған байланысты даулы хаттаманың №119 лотқа қатысты шешімі заңсыз деп танылып, күшін жою туралы тұжырымға келген.
Апелляциялық сот алқаның бұл тұжырымы негізді және іс құжаттарымен айқындалған.
ӘРПК-тің 67-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сай, егер лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушы немесе оның өкілі ретінде осы әкімшілік рәсімге қатысқан болса, ол әкімшілік рәсімді жүзеге асыра алмайды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43бабы 2-тармағына сәйкес, жер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысып отырған жер комиссиясы мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер оған жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
Жер кодексінің 43-1 бабының 14-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды.
Осы баптың 15-тармағынан анықталғандай, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы жер комиссиясының хаттамалық шешімімен рәсімделеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу туралы» Қағиданың 24-тармағына сай, ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады. Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Келес аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 21 қарашадағы №6-43-VI «Жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 22 қазандағы №47 қаулысымен құрылған комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне сай, жер комиссияның құрамына 21 мүшелер кіреді.
Осыған қоса, комиссия құрамына мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген кезде комиссия құрамына өздеріне қатысты әкімшілікаумақтық бірліктер бойынша ауылдық округтерінің әкімдері кіреді.
Жер комиссияның құрамындағы мүшелердің конкурс қатысушыларға дауыс бергенін және жеңімпаздарды айқындау жолы даулы хаттамадан анықталмаған.
Осыған қоса, апелляциялық сот алқасы конкурстың аудиобейнежазбасын зерделеп, конкурстың отыз бір мүшелелері толығымен қатыспағанына қарамастан, хаттамада олардың бәрі хаттамаға қолдарын қойғанын анықтаған.
Бұл жағдайда, екі лот бойынша жер комиссиясымен қабылданған шешімде Жер кодексінің 43, 43-1-баптарда көзделген рәсімдер сақталмағандықтан, жауапкермен қабылданған әкімшілік акт заңда көзделген тәртіптермен негізделмеген. ӘРПК-нің 8-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам және сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті.
ӘРПК-нің 10-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді.
Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс.
Сот алқасы ӘРПК-нің 2-тарауына сай әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарының бірі мөлшерлестік қағидаты болып табылатынын назарға алады.
Осы кодекстің 6-бабына сәйкес әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу осы тарауда баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Осы тарауда белгіленген әкімшілік рәсімдердің қағидаттары түпкілікті болып табылмайды және құқықтың басқа да қағидаттарын қолдануға кедергі болмайды. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары, егер бұл осы тарауда баяндалған қағидаттарға қайшы келмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданылады. Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келеді.
Іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актісі ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.
Сот алқасы Р[...] даулы хаттамасын толығымен жою туралы уәждерін негізсіз деп санайды, өйткені ол тек №119 және 136 лоттары бойынша конкурсқа қатысқан. Сол себептен қалған лоттар бойынша конкурс қорытындылары оның заңды құқықтары мен мүдделерін бұзбайды.
Сондықтан сот актісінің күшін жоюға негіздер жоқ.
ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 ақпандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Р[...] және мүдделі тұлға К[...] өкілі З[...] кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
С. Баймаханов
Судьялар
Ш. Даниярова Г. Дүйсенбаев Ш. Даниярова
Көшірмесі дұрыс. Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.