КСАД РК - Постановление от 14.10.2025 по делу 6003-25-00-4к/2007 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 14 қазан 6003-25-00-4к/2007 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші судья Е.М.Нұралиев

судьялар Л.С.Кудекова, Ш.С.Манжуева,

талап қоюшы А.А. Бектасованың қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Айгуль Айткалиевна Бектасованың жауапкер «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрғын үй комиссиясының бір жолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартылған бөлігінде хаттамасын заңсыз деп тану және күшін жою, біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеу туралы талап қою бойынша қабылданған,

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 8 сәуірдегі шешіміне, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысына түскен талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымын қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жауапкерге 2025 жылғы 9 қаңтардағы тұрғын үй комиссиясының біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартылған бөлігінде хаттамасын заңсыз деп тану және күшін жою, біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеу туралы әкімшілік талап қою арызымен жүгінген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 8 сәуірдегі шешімімен А.А. Бектасованың талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған.

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз, талап коюшының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшының өкілі, өзінің кассациялық шағымында, іс бойынша қабылданған жоғарыдағы сот актісімен келіспейтінін көрсетіп, оның күшін жоюды және талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған, себебі біржолғы тұрғын үй төлемдері әскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз етпеген мерзімге (өткен кезең үшін) тағайдалатын өтемақы төлемі. Ол кезеңде ипотекалық міндеттеме болғандықтан априори ол өтемақы төлем тағайындалуға жатады.

Кассациялық сот, талап қоюшының пікірін тындап, кассациялық шағымын, қарсы пікірдің уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігі бойынша, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, А.А.Бектасова 2007 жылғы 29 маусым мен 2019 жылғы 6 желтоқсан аралығында Астана және Семей қалаларында орналасқан әскери мекемелерде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарған.

Талап қоюшы 2009 жылғы 20 желтоқсандағы баянат негізінде Мекеменің Тұрғын үй комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы хаттамалық шешімімен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған.

Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының 2019 жылғы 21 қарашадағы бұйрығымен талап қоюшы денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен босатылды және 2019 жылғы 06 желтоқсаннан бастап жеке құрам тізімінен шығарылған.

Жауапкер тұрғын үй комиссиясының 2025 жылғы 9 қаңтардағы хаттамалық шешімі негізінде талап қоюшының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы бір жолғы төлемді тағайындау туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылған.

Талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, төменгі сотар даулы шешім заңды және жауапкер өз өкілеттігі шегінде шығарған деген қорытындыға келген.

Кассациялық сот бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың қорытындыларымен келіседі, олар материалдық құқық нормалары мен істін мән-жайларын дұрыс қолдануга негізделген.

Талап қоюшы әскери қызмет өткеру кезенінде, мемлекеттік бағдарлама аясында 2015 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласы, Сарайшық ауданы, Темирбек Жүргенов көшесі, 28/1 үйде 27 пәтер мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікке ие болған.

Бұл пәтер 2023 жылғы 18 қыркүйектегі сатып алу-сату шартымен сатылып (иелігінен шығарылған).

Қазіргі таңда А.Бектасова 2023 жылғы 1 қазанда «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арқылы Астана қаласы, Сарайшық ауданы, Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 50 үй, 37 пәтер мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікке ие (көлемі 95,4 ш.м.). 2024 жылғы 5 қыркүйектегі шартымен аталған банкте ипотекалық міндеттеме алған.

Бұдан басқа А.Бектасова 2023 жылғы 13 желтоқсанда Астана қаласы, Есіл ауданы, Бұқар жырау көшесі, 27 үй, 14 пәтер мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікке ие. 2024 жылғы 5 қыркүйектегі шартымен аталған банкте ипотекалық міндеттеме алған. Бұл пәтер 2024 жылғы 27 қаңтардағы сатып алу-сату шартымен сатылып (иелігінен шығарылған).

Осылайша, әскери қызметтен шығарылған кезде А.А.Бектасова біржолғы төлемдерді тағайындау үшін заң негіздері болған жоқ, өйткені соңғысы тұрғын үйді өз меншігі ретінде тіркеген.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң, құқықтық қатынастар туындаған сәтте қолданыста болған Занңың редакциясында) 101-2-бабының 5-тармағына сәйкес, жаңа редакцияда жұмыстан шығарылған кезде тұрғын үйге мұқтаж деп танылған талап қоюшы, бірақ 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етілмеген әскери қызметшілер әскери қызметтен босатылған кезде (теріс себептермен жұмыстан шығарылған жағдайларды қоспағанда) тұрғын үй арнаулы мемлекеттік органдарда, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтің барлық кезеңі үшін бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасын шегерумен төлемдерді алады.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін мұқтаж деп танылған, бірақ тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген адамдар біржолғы төлемдер алуға құқылы, ал талап қоюшы 2018 жылдың 1 қантар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілгені сотта анықталған.

Заңның 101-2-бабының 5-тармағына тұрғын үймен қамтамасыз етілмеу кезеңінде біржолғы төлемдерді алу құқығы көзделген өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әскери қызметі және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен талап қоюшы жұмыстан шығарылғаннан кейін 2022 жылғы 15 сәуірде енгізілген.

Бұл ретте осы заңның нормалары кері күшке ие болмайды және олар қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Мұндай жағдайларда, мекеменің әкімшілік қалауы талап қоюшыға біржолғы төлемдерді тағайындауды көздемейді, өйткені талап қоюшы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар істің мән-жайын толық анықтап, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолдана отырып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарған. Мұндай мән-жәйларда кассациялық сот сот актілерін күшін жоюға және талап қоюшының кассациялық шағымын қанағаттандыруға негіз таппады.

Талап қоюшының кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал оның сот тұжырымдарымен келіспеуі, сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 8 сәуірдегі шешімі, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Судьялар

Л. Кудекова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.