6001-20-00-3Г/6639
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2020 жылғы 30 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Т. Ибрашев,
талап қоюшы С[...] жауапкерлер «АФФ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (бұдан әрі – Серіктестік), жеке сот орындаушысы И[...] аткарушылык жазба бойынша акша сомасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша қабылданған
Көкшетау қалалық сотының 2020 жылғы 27 шілдедегі және Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 1 қазандағы ұйғарымдарын қайта қарау туралы С[...] келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :
С[...] сотқа жоғарда аталған талап қою арызымен жүгініп, талаптарын өзінен Серіктестіктің пайдасына 440 946 теңге өндіру туралы Ақмола облысы Көкшетау қаласының нотариалдық округінің жеке нотариусі Р[...] жасалған атқарушылық жазбаның күші жойылғандыгымен негіздеп, Серіктестіктен өзінің пайдасына 95 765 теңге, жеке сот орындаушысы И[...] 23 939 теңге өндіруді сұраған.
Көкшетау қалалық сотының 2020 жылғы 27 шілдедегі ұйғарымымен талап қою арызы қабылдаудан бас тартылған.
Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 01 қазандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта арызданушы жергілікті соттардың талап бойынша қабылдаған шешімдерімен келіспей, бірінші сатыдағы сот талап арызын қабылдаудан бас тарта отырып, қандай кемшілік орын алғанын және кемшілік болған жағдайда оны жою тәртібін мүлдем көрсетпегенін алға тартып, дауланған сот актілерінің күшін жоюды, талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдауды сұраған.
Өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 438, 443-баптарын басшылыққа алып, судья
Көкшетау қалалық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Т. Ибрашев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.