Қ А У Л Ы
2026 жылғы 4 ақпан №6003-25-00-2к/4427(2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында
төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., прокурор Молдаханов Н.А., талап қоюшының өкілдері Ш.Кожаханов, Т.Т.Балашов,
жауапкер Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі департаментінің өкілі Садуакасова Д.С.,
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Заман-Ту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - ЖШС) жауапкерлер «Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент), «МАРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген мемлекет мүлкін сатып алу және меншік құқығына ену туралы актісін ішнара жарамсыз деп тану, Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлкін басқару жөніндегі комиссияның қорытындыларын жарамсыз деп тану, жылжымайтын мүлікке құқықтарын және онымен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күшін жою туралы талап қоюы бойынша электронды азаматтық істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 19 ақпандағы шешіміне және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 15 мамырдағы қаулысына талап қоюшының өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Талап қоюшының өкілінің осы іс бойынша сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 19 ақпандағы шешімі және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 15 мамырдағы қаулысы күшінде, талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.