Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление (дополнительное) от 11.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/1986 (Гражданское)

Қ О С Ы М Ш А Қ А У Л Ы

2025 жылғы 11 желтоқсан №6003-25-00-2к/1986 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші А.Б.Токсанбаев, судьялар А.А.Даненова, М.Н.Ибрагимова, жауапкерлер Д[...] пен Д[...] өкілі Р[...] сот шығыстарды өндіру туралы қосымша қаулы шығару туралы арызын қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Ж[...].Д[...] пен Д[...] өкілі Р[...] кассациялық сатыдағы соттан талап қоюшы Ж[...] Д[...] пайдасына өкілдің заң көмегіне 400 000 теңге мөлшерінде ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіру туралы қосымша қаулы шығаруды сұраған.

Іс құжаттарына қарағанда, Ж[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 16 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен шешім және қаулының күші жойылып, талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Бірінші сатыдағы сотта жауапкерлер өкілі Р[...] өзі мен Д[...] арасында өкілдік көмегін көрсетуі, оның ақысы 400 000 теңге екені келісімді, ол сома төленгенін туралы түбіртек, сенімхат заңгерлік палатасының бүйрығының үзіндісін ұсынған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі АПК) 113-бабы 1-бөлігінің негізінде сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығындарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығындары мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Мүліктік талаптар бойынша осы шығындардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығындар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. 2024 жылғы 1 тамызда Д[...] пен «AIBUH» ЖК арасында ақылы заң қызметтерін көрсету туралы №20240800007 шарты (бұдан әрі – шарт) жасалған.

Осы шартқа 2024 жылғы 1 тамыздағы №1 ерекшелікке сәйкес, орындаушы Д[...] (жауапкер ретінде) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты Ж[...] мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс шеңберінде білікті заң қызметтерін көрсетуге міндеттенеді. Бұл қызметтерге талапқа қарсы жауапты дайындау және беру, қажетті процестік әрекеттерді орындау, сондайақ осы даудың мәні бойынша азаматтық істі бірінші саты сотында қарау барысында Тапсырыс берушінің мүдделерін білдіру (қорғау) кіреді.

Шарттың 4.4.7-тармағына сәйкес, заң қызметтерін көрсету үшін «AIBUH» ЖК мен Р[...] арасында 2024 жылғы 1 тамызда №2 шарт және оған №2 ерекшелік жасалған.

Тапсырыс беруші Д[...] шартқа №1 ерекшелік бойынша көзделген заң көмегінің құны уақтылы төленген, бұл 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №QR7972049415 түбіртегімен расталады. Төлем сомасы – 400 000 теңге. Бұл құжаттарды Р[...] сотқа 2024 жылғы 12 қазанда тапсырған. АПК-нің 109-бабының үшінші бөлігіне сәйкес егер апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар істі жаңадан қарауға бермей, жасалған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, олар тарап тиісті сот сатыларында жұмсаған шығындары туралы дәлелдемелерді ұсынған кезінде тиісінше сот шығындарын бөлуді де өзгертеді. Алайда сот қаулы қабылданғанда осы сот шығындары туралы мәселе шешілмеген.

АПК-нің 236-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес, іс бойынша шешiм шығарған сот iске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша, егер сот шығындары туралы мәселенi сот шешпесе қосымша шешім шығарылады.

Көрсетілгендердің негізінде, талап қоюшы Ж[...] жауапкер Д[...] пайдасына өкілдің заң көмегіне 400 000 теңге мөлшерінде ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіру туралы қосымша қаулы шығарылуға жатады.

АПК-нің 452-бабы 2-бөлігін басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Талап қоюшы Ж[...] жауапкер Д[...] пайдасына 400 000 (төрт жүз мың) теңге өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығындар өндірілісін.

А.Токсанбаев

Төрағалық етуші, судья

Судьялар

А.Даненова

М.Ибрагимова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.