ВС РК - Определение от 11.01.2024 по делу 6001-23-00-6ап/1060 (Административное)

№6001-23-00-6ап/1060

ҰЙҒАРЫМ

2024 жылғы 11 қаңтар Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова, талап қоюшы Ш[...], жауапкердің өкілі Т[...],

мүдделі тұлғалардың өкілдері: Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің өкілі Т[...],

А[...], Е[...], Е[...],

Е[...] өкілі Н[...] қатысуыларымен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Ш[...] жауапкер Байзақ ауданы әкіміне қаулыны және оның мемлекеттік тіркеуін заңсыз деп тану туралы әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі шешімімен талап қоюы ішінара қанағаттандырылған.

«Түймекент» өндірістік кооперативінің аумағындағы жалпы көлемі 250,0 гектар, оның ішінде суарылмайтын егістік 150,0 гектар, жайылым 100,0 гектар жер учаскесін Е[...] уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалануға берген Байзақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №275 қаулысы және оның мемлекеттік тіркеуі заңсыз деп танылған.

Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Осы соттың 2022 жылғы 9 қыркүйектегі жеке ұйғарымымен әкімшілік істі қарау барысында анықталған заң бұзушылықтар жібермеу мақсатында тиісті шара қолдану және жауапты тұлғалардың жауапкершілігін шешу үшін Жамбыл облысы, [...] әкімінің назарына жеткізілген.

Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 8 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешімнің күші жойылып, талап қоюы кері қайтарылған.

Кассациялық шағымды қарау барысында Ш[...] сот алқасының құрамына қарсылық білдірді.

Қарсылық талап қоюшының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының объективтілігіне күмәндануымен негізделген.

Сот алқасы талап қоюшының қарсылық білдіру туралы өтінішін талқылап, келесі негіздер бойынша қанағаттандыруға жатпайды деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 1- бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) ережелері қолданылады.

АПК-нің 38-бабына сәйкес судьяға қарсылық білдіру үшін негіздердің тізбесі айқындалған, және ол кеңейткіш түсіндіруге жатпайды.

Сот алқасы талап қоюшының алқа құрамына қарсылық білдіру туралы өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздерді қарастырмайды. Қарсылық білдіруге қойылған негіздер АПК-нің 38, 40-баптарының талаптарына жатпайды деп санайды.

Сот алқасының судьялары істің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп айтуға негіз жоқ, сондай-ақ олардың бейтараптығына негізделген күмән тудыратын басқа жағдайлар жоқ.

Мұндай жағдайларда талап қоюшының өтінішхаты қанағаттандыруға жатпайды.

Қазақстан Республикасы АПК-нің 38, 40, 41-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Талап қоюшы Ш[...] сот алқасының құрамына жарияланған қарсылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Ұйғарым жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді, шағымдануға және наразылық келтірілуге жатпайды.

Төрағалық етуші Судьялар

С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова

Көшірмесі дұрыс. Судья

Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.