КСАД РК - Постановление от 11.02.2026 по делу 6003-25-00-4к/2240 (Административное)

2026 жылғы 11 ақпан 6003-25-00-4к/2240

ҚАУЛЫ

Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші - судья М.А.Туғанбаев, судьялар - Р.М.Айнақұлова, Г.Б.Дуйсенбаев,

ашық сот отырысында, талап қоюшы Нурбол Куандыкович Бактыбаевтың жауапкер «Казақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінінің «30238 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп танып, оны бұзу және тұрғын үй төлемдерін тоқтатылған күннен бастап төлеуді міндеттеу туралы талап қою арызы бойынша қабылданған, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 11 сәуірдегі шешіміне, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 шілдедегі қаулысына талап қоюшы өкілі А.А.Тажимишевтің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Бактыбаев Н.К. жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінді.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 11 сәуірдегі шешімімен талап қоюшы Нурбол Куандыкович Бактыбаевтың әкімшілік талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сот қаулылырымен келіспей, талап қоюшы өкілі А.А.Тажимишев кассациялық шағымында Бактыбаевтың жұбайының пәтері ипотека шарты арқылы алынғанын, екінші пәтері 2024 жылғы 3 сәуірінде сатылғанын, тұрғын үй төлемдерін тоқтатқан кезде отбысының жеті адамнан тұратынын көрсетіп, әскери қызметшілердің тұрғынжайға құқығы мен оған сәйкес төлемдер мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік маңызы бар кепілдік екенін көрсетіп, сот қаулылырының күшін жоюды сұраған.

Кассациялық шағым уәждерімен келіспей, жауапкер өкілі А.А. Саткулов оны қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Талап қоюшы өкілі А.А.Тажимишев пен жауапкер өкілі А.А. Саткулов сот отырысына бейнебайланыс арқылы жалғауды сұраған.

Кассациялық сот тараптар өкілдерінің сот отырысын бейнебайланыс арқылы жүргізу туралы өтінішхаттарын қанағаттандырусыз қалдырды, өйткені тараптарға сот отырысы Қазақстан Республикасы әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот ғимаратында өкілдерідің міндетті қатысуымен өтетіні жайлы алдын ала хабарланған болатын.

Тиісті түрде хабарланған тараптардың өкілдерінің кассациялық саты сотының отырысына келмеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сай істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот, шағым уәждері мен іс құжаттарын жанжақты зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодекспен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Осы іс бойынша бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарымен аталған заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Тұрғын үй комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы №2 санды шешімімен құықтық жұмыстар жөніндегі заң қызметінің бастығы аға лейтенант А.Сұраншиевтің 2025 жылғы 24 ақпандағы №1759 санды баянаты негізінде сержант Бактыбаевқа «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай -Заң) 101-4 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алғандықтан, ағымдағы тұрғын үй төлемдері тоқтатылып, анықталған кешміліктерді жою және төленген артық төлемдерді кері мемлекет қазынасына қайтару туралы шешім қабылданды.

2025 жылғы 26 ақпандағы №2 санды шешімімен келіспей, талап қоюшы оны заңсыз деп танып, шешімді бұзу және тұрғын үй төлемдерін тоқтатылған күннен бастап төлеуді міндеттеу туралы арызымен сотқа жүгінген.

Талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырға отырып, соттар төмендегі жәйттерді қаперге алған.

Заңның 101-3-бабының бірінші тармағында арнаулы мемлекеттік органдардың, әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп танудың негіздері көзделген. Талап қоюшы тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алып, 2020 жылғы 15 желтоқсанда Ақтөбе қаласы, Батыс 2 шағын ауданы, 11Е үй, 24 пәтерді ипотекалық несиеге сатып алып, 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №L02838-0400-2020 шарт негізінде банк алдындағы ипотекалық несие міндеттемелерін төлеп отырған.

2024 жылғы 2 сәуірде Бактыбаевтың жұбайы Ж.А.Бактыбаева (сатып алушы) мен А.Г.Баймурзиннің (сатушы) араларындағы сатып алу-сату шарты жасақталып, шарт бойынша Ж.А.Бактыбаева Н.К. Бактыбаевтың рұқсаты негізінде, Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 138 үй, 53 пәтерді сатып алған.

Аталған пәтер ортақ бірлескен мүлік болып, ерлі-зайыптылардың атына тіркеліп, 2024 жылғы 3 сәуірде пәтер иелері Ж.А.Бактыбаева мен Н.К.Бактыбаевпен басқа тұлғаларға сатылған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 114-VII ҚРЗ заңымен Заңның 101-4-бабының 2 тармағы 7) тармағымен толықтырылып, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алған жағдайларда тұрғын үй төлемдерін тоқтату көзделген.

2025 жылғы 26 ақпандағы әскери бөлімінің тұрғын үй комиссиясының №2 санды хаттамалық шешімімен Н.К. Бактыбаев пен оның отбасына ағымдағы тұрғын үй төлемдерін өзге тұрғынжай сатып алғаннан бастап, екінші пәтерге де меншік құқығы туындауына байланысты ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтату туралы шешім дұрыс қабылданған.

Талап қоюды қанағаттандыруға құқықтық негіздемелер болмағандықтан, соттардың Бактыбаевтың талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімі негізді.

ӘРПК 155-бабының төртінші бөлігіне сәйкес сот талап қоюды қарау кезінде даулы әрекет (әрекетсіздік), шешім құзыретіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады.

Кассациялық шағымдағы отбасы құрамы мен екінші пәтерді сатып алып кейін сатқаны туралы уәждерге соттар тарапынан дұрыс құқықтық баға берілген. Жоғарыда келтірілген мәнжайларды ескере отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп табады. ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 11 сәуірдегі шешімі, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 шілдедегі қаулысы өз күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы өкілі А.А.Тажимишевтің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

М. Туғанбаев

Төрағалық етуші:

Р. Айнақұлова

Судьялар:

Г. Дуйсенбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.