ВС РК - Постановление от 27.06.2019 по делу 6001-19-00-6кп/25 (Об административном правонарушении)

6кп-25-19 көшірмесі

Қ А У Л Ы

2019 жылғы 27 маусым Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья М. Балкен,

судьялар Ж. Ермағамбетова, Б. Шермұхаметов,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],

Әкімшілік жазаға тартылған тұлғаның қорғаушысы - адвокат Ш[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен бейнеконференц байланыс және аудио-бейне жазба құралдарын қолданып ашық сот отырысында Жамбыл облысы Шу аудандық сотының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен келіп түскен С[...] (S[...]) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 517-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

Жамбыл облысы Шу аудандық сотының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі қаулысымен С[...] (S[...]) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әріӘҚБтК) 517-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.

Ұсынудың уәждерін қолдаған адвокат Ш[...] сөзін, прокурордың Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасын 15 айлық есептік көрсеткіш әкімшілік жазасына алмастыру қажеттілігі туралы қорытындысын тыңдап, мамандандырылған сот алқасы келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға

не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мынадай негіздер бар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; ӘҚБтК-дегі процестік нормалардың елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi.

Іс материалдарына сәйкес Түркия Республикасының азаматы С[...] 2018 жылғы 26 қаңтарда ӘҚБтК-нің 517-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқықбұзушылықты қайталап,

2018 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасына жеке сапар мақсатымен келіп, көші-қон полициясына тіркеуге тұрмаған. Осы факті бойынша

оған қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 6-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған.

Бірінші сатыдағы сот С[...] кінәсі сот мәжілісінде мойындалған және зерттелген істегі дәлелдемелермен толық дәлелденген деген тұжырымға келіп, әкімшілік жауаптылыққа тартқан. Сот әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындаған.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 517-бабы 6-бөлігінің санкциясымен аталған құқық бұзышыылыққа қарсы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкімшілік жаза қолдану көзделген.

Құқықбұзушы қазақ тілін меңгермеген және оған қорғаушы берілмеген.

ӘҚБтК-нің 749-бабының 1-бөлігінің 3)-тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмесе

қорғаушының қатысуы мiндетті. ӘҚБтК-нің 738 бабына және 843 бабының 3 бөлігінің 4 тармақшасына сәйкес, аталған жағдай сот актісінің күшін жоюға негіз болып табылады.

Баланың туу туралы және әке болуды анықтау туралы куәліктерге сәйкес С[...] 2018 жылғы 3 қарашада туған Қазақстан Республикасының азаматы Б[...] әкесі болып табылады.

ӘҚБтК-нің 55-бабы 1 және 2-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуы тиiс. Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

ӘҚБтК-нің 56-бабына сәйкес кiнәлi адамның өкiнуi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.

Істі қарау кезідне бірінші сатыдағы сот аталған мән-жайларға және заң талаптарына қажетті көңіл бөлмегені көрінеді.

Мұндай жағдайда, жергілікті соттардың қабылданған қаулылары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 851-бабының 5- бөлігінде көзделген кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабының 1 және 4 мен 5- бөліктерінің 3) тармағын басшылыққа ала отырып, мамандандырылған сот алқасы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 6-бөлігі бойынша С[...] (S[...]) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Жамбыл облысы Шу аудандық сотының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі қаулысының күші жойылсын, іс қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа өзге құрамда жолдансын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші М. Балкен Судьялар Ж. Ермағамбетова Б. Шермұхаметов

Көшірмесі дұрыс. Судья

Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.