6003-25-00-2к/4315
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 17 наурыз
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,
талап қоюшының өкілі А[...], жауапкер А[...] өкілі Ж[...], жауапкер А[...] және оның өкілі Т[...], «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілі К[...] қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «М2[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі-ЖШС, серіктестік), Р[...], А[...], А[...], А[...], «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына «М2[...]» ЖШС-нің мемлекеттік 2023 жылғы 13 қыркүйектегі қайта тіркеуін жарамсыз деп тану және мемлекеттік қайта тіркеу бұйрығының күшін жою, 2024 жылғы 8 ақпандағы қайта тіркеуін жарамсыз деп тану және мемлекеттік қайта тіркеу бұйрығының күшін жою, 2023 жылғы 8 қыркүйектегі сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану, 2024 жылғы 30 қаңтардағы сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкер А[...] Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 4 ақпандағы шешіміне және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 сәуірдегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Ж[...] А[...] сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 4 ақпандағы шешімі және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 сәуірдегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Ж[...] А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков Судьялар: А.О.Тогумбетова
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.