6001-23-00-6ап/1765
Қ А У Л Ы
2024 жылғы 20 ақпан
Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Г.Ө.Альжанов,
судьялар Б.Т.Нажмиденов, Ж.Б.Ермағамбетова болып,
талап қоюшы «Шымкент қаласының білім басқармасының №126 Шұғыла бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммунальдық қазынашылық кәсіпорнының өкілі - С[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Шымкент қаласының білім басқармасының №126 Шұғыла бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммунальдық қазынашылық кәсіпорнының жауапкер «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік еңбек инспекторының 2022 жылғы 30 наурыздағы №02-ДН-03 еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқамасының күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша,
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 2 наурыздағы шешіміне, Шымкент қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 мамырдағы қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Шымкент қаласының білім басқармасының №126 Шұғыла бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммунальдық қазынашылық кәсіпорнының еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы 2022 жылғы 30 наурыздағы нұсқаманы заңсыз деп тану туралы «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне әкімшілік талап қойып, сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 2 наурыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
«Шымкент қаласының еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы 2022 жылғы 30 наурыздағы нұсқамасы ішінара, яғни Еңбек кодексінің 10бабының 2-тармағына сүйеніп, жұмыс берушінің Т[...] қатысты 2022 жылғы 10 ақпандағы №24/1 оны 2022 жылдың 10 ақпанына бастап жұмыстан босату, А[...] қатысты 15.02.2022 жылғы №25 ж/қ оны 2022 жылдың 15 ақпанынан бастап жұмыстан босату туралы бұйрықтары жарамсыз деп танылсын және қолданылмасын деген бөлігінде заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Талап қою бойынша нұсқаманың қалған бөлігінің күшін жоюдан бас тартылған.
Шымкент қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен аталған сот шешімі өзгертілген.
Шешімнің «Шымкент қаласының еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы 2022 жылғы 30 наурыздағы нұсқамасы ішінара, яғни Еңбек кодексінің 10-бабының 2-тармағына сүйеніп, жұмыс берушінің Т[...] қатысты 2022 жылғы 10 ақпандағы №24/1 оны 2022 жылдың 10 ақпанына бастап жұмыстан босату, А[...] қатысты 15.02.2022 жылғы №25 ж/қ оны 2022 жылдың 15 ақпанынан бастап жұмыстан босату туралы бұйрықтары жарамсыз деп танылсын және қолданылмасын деген бөлігінде заңсыз деп танылды, күші жойылсын деген бөлігінің күші жойылды, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды. Шешімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.
Талап қоюшы кассациялық шағымында апелляциялық сотының қаулысының күшін жойып, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 2 наурыздағы шешімін өз күшінде қалдыруды сұраған.
Талапкер өкілінің пікірін, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актісі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді. ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық процесстік кодексінің (әрі қарай - АПК) ережелерімен белгіленеді.
АПК-нің 451-бабының 5-бөлігіне сәйкес, егер сот дұрыс шешім қабылдаған, бірақ осы Кодекстің 427-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген бұзушылықтарға жол берілген жағдайда, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары көрсетіледі, оларға сәйкес сот актілері өзгеріссіз қалдырылады.
Осы іс бойынша аталған заң бұзушылықтар анықталмады.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
АПК-нің 426-бабының 2-бөлігінде шағым жаңа дәлелдердің болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде қаулыға өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетілетіні қарастырылған.
Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотта қараудың нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде көрсетілген сілтемелер мен дәлелдердің сот отырысында қарауға және зерттеуге қабылданбау негіздері көрсетілуге тиіс. Мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің бұйрықтарының заңсыздығы туралы қорытындысы Еңбек кодексінің 10-бабының 2- тармағына негізделген. Бұл ретте, жұмыс берушіге нұсқаманы осы көрсетілген бөлігін орындау үшін берілген мерзім, 13.04.2022 жылғы дейін, жұмыс берушіге заңсыз актілердің күшін жою жолымен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы міндеттеме жүктелгенін көрсетеді. Жұмыс беруші нұсқаманы орындамаған жағдайда, қызметкерлер бұйрықты шағымдауға және жұмысқа қайта алу туралы сотқа талап қоюға құқылы.
Шағымданған қаулының жұмысына қайта алу туралы А[...] талап арызы бойынша заңды күшіне енген Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 мамырдағы қаулысына қайшы келетініні жөнінде талап қоюшының кассациялық шағымындағы уәждері есепке алуға жатпайды, өйткені талап қоюдан бас тартуға А[...] ескіру мерзімін өткізіп алуы негіз болған. Бұл ретте сот актiсiнде нұсқаманың заңсыздығы туралы қорытындылар жоқ.
Апелляциялық сатыдағы іс бойынша мән-жайлар дұрыс анықталғандықтан, материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары дұрыс қолданылғандықтан, алқа шешімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз таппайды.
Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігінің, АПК-тің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Осы әкімшілік іс бойынша қабылданған Шымкент қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы «Шымкент қаласының білім басқармасының №126 Шұғыла бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммунальдық қазынашылық кәсіпорнының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Г. Альжанов
Судьялар
Б. Нажмиденов Ж. Ермағамбетова
Көшірмесі дұрыс Судья
Ж. Ермағамбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.