Қ А У Л Ы
2025 жылғы 17 желтоқсан №6003-25-00-2к/3369 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., талап қоюшы К[...], жауапкер Ж[...] бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы К[...] жауапкер Ж[...] ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтірген мәліметтер үшін ұжым алдында кешірім сұрауға міндеттеу және моральдық шығынның өтемін өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2025 жылғы 4 маусымдағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 тамыздағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2025 жылғы 4 маусымдағы шешімі және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 тамыздағы қаулысы өзгертілсін.
Сот актілері талап қоюшы К[...] жауапкер Ж[...] кешірім сұрауға міндеттеу туралы талап қоюын қанағаттандыру туралы бөлігінде күші жойылып, талап қоюды осы бөлігінде қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдансын.
Ж[...] пайдасына мемлекеттік бюджеттен артық төленген 3250 (үш мың екі жүз елу) теңге баж алымы қайтарылсын. Қалған бөлігінде сот актілері күшінде қалдырылсын.
Жауапкердің кассациялық шағымы ішнара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші судья Ғ.Бастаубаев
Судьялар А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.