ВС РК - Постановление от 28.05.2025 по делу 6001-24-00-6ап/3656 (Административное)

6001-24-00-6ап/3656

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 28 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев, судьялар – Ш.Т.Даниярова, Г.К. Нұрбаев, жауапкер өкілі Б.Б.Тюльтаевтың қатысуымен,

өзінің ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот мәжіліс залында талап қоюшы Балкыбек Серикбайулы Оразкуловтың жауапкер Түркістан облысының Әділет департаментіне тексеру тағайындау туралы актіні жарамсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 30 сәуірдегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Б.С. Оразкулов жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 29 қазандағы ұйғарымымен жауапкер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаментінен тлап қоюшы Б.С.Оразкуловтың пайдасына 900 000 (тоғыз жүз мың) теңге сот шығыны өндірілген.

Жауапкер кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, олардың күшін жоюды және талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Сот алқасы, жауапкер өкілі Б.Б.Тюльтаевтың кассациялық шағым уәждерін қолдаған түсінігін тыңдап, іс құжаттарын жан-жақты зерттеп, шағымның уәждерін талқылап, келесі қорытындыға келеді. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

ӘРПК-нің 5 бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жеке тұлғалардың бұзылған немесе дауланған құқы~қтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғала~~ рдың құқықтары мен заңды мүдделерін қоғамдық-құқықтық қатынастарда тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілк істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу болып табылады.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, азаматша К.Калтаева қайтыс болған жұбайы И.Айкузовтан қалған мүлікке мұралық құқықтарын рәсімдеуге, тіркеуге және осы тапсырмаға байланысты барлық іс-әрекеттерді жасауға М.Абиловтың атына сенімхат берген.

Сенімді өкіл 2023 жылғы 14 қаңтарда нотариус С.Сарыбасоваға, нотариус Б.Оразкуловқа жүгініп:

  • қайтыс болған С.Айкозованың мұрагері болып оның ұлы И.Айкузов танылғанын, мұралық іс нотариус С.Сарыбасовамен ашылғанын,

  • қайтыс болған И.Айкузовтың мұрагері болып оның жұбайы К.Калтаева танылғанын, мұралық іс нотариус Б.Оразкуловтың ашылғанын,

  • қайтыс болған С.Айкозованың артынан қалған жер учаскесін оны қайтыс болған ұлы И.Айкузов қабылдауға тиіс болғанын көрсетіп, заңнама талаптарына сәйкес жазбаша түсіндірме беруді сұраған.

Нотариус Б.Оразкулов 2023 жылғы 20 қаңтардағы №8 жауап хатында қайтыс болған С.Айкозованың артынан қалған жер учаскесіне мұралық құқықты рәсімдеу үшін нотариус С.Сарыбасоваға жүгіну қажеттігін көрсеткен.

Аталған жауап хатпен келіспеген сенімді өкілдің Қазақстан Республикасының Әділет министріне жүгінген шағымы негізінде Департаменттің 2023 жылғы 8 тамыздағы №33 тексеру тағайындау туралы актісі~мен Нотариустың қызметіне жоспардан тыс тексеру тағайындалған~~ . Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабы 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге негіз болып табылады.

Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдағанда, сенімді өкіл М.Абиловтың өтінішінде өзіне сенім білдірушінің жұбайының анасынан қалған жер учаскесіне мұрагерлік құқықты рәсімдеу бойынша түсіндірме беруді сұрағандығын, бірақ қандай да бір нотариаттық іс-әрекетті жасауды сұрамағандығын ескеріп, яғни, Нотариус бұл өтініш бойынша қандай бір нотариаттық әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс болмаған деген тұжырымға келген.

Сонымен қатар, сенімді өкілмен осы өтінішхат бойынша Нотариусқа нотариаттық әрекеттерді жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар ұсынылмағаны анықталған.

Сот алқасы жергілікті соттардың талап қоюшы Б.С.Оразкуло втың талап арызын қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымы ӘРПК-нің 8- бабына, яғни әділдік қағидатына сай келеді деп санайды және жауапкердің Кодекстің 144-бабы 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіздер болмаған.

ӘРПК-нің 12-бабында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасындағы барлық күмәндар, қайшылықтар мен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндірілетіні көрсетілген.

Жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымын дұрыс айқындаған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған деп сот алқасы санайды.

Сонымен қатар, талап қоюшының Түркістан облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 29 қазандағы сот шығындарын өндіру жөніндегі ұйғарымына келтірген кассациялық шағымы қайтарылуға жатады.

АПК-нің 429-бабы жетінші бөлігіне сәйкес, осы Кодексте белгіленген жағдайларда істің одан әрі жүргізілу мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

ӘРПК-нің 168-бабы оныншы бөлігінің екінші қатарында әкімшілік істің одан әрі жылжу мүмкіндігіне кедергі келтіретін апелляциялық сатыдағы соттың өзге де ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін екендігі көрсетілген.

Дауланып отырған сот актісінің құқықтық сипатына қарағанда, әкім~шілік істің одан әрі жүргізілу мүмкіндігіне бөгет болатын сот актіле~~ рінің санатына жатпайды. Жауапкердің кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі сатыдағы соттармен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдарымен келіспеуі сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.

Сондықтан, сот алқасы жауапкер өкілінің кассациялық шағымын қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 30 сәуірдегі шешімі және Түркістан облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысы өзгеріссіз күшінде қалдырылсын.

Жауапкер Түркістан облысы Әділет департаментінің кассациялық

шағы мы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Дуйсенбаев Г
Судьялар
Даниярова Ш
Нұрбаев Г.К.
Көшірмесі дұрыс.
Судья
Дуйсенбаев
.Б.
.Т.
Г.Б.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.