ВС РК - Постановление от 22.04.2024 по делу 6001-23-00-6кп/30 (Об административном правонарушении)

6кп-30-23

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 22 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья Б.Б.Шермұхаметов, судьялар Н.Қ.Құрманғалиев, Е.Маукен, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі К[...],

Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және Бақылау басқармасының (бұдан әрі - ҚОСжББ) өкілі А[...], өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлға Р[...] және қорғаушы-адвокат А[...] қатысуларымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен аудио-бейне жазба құралдарын қолданып, ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен жеке тұлға Р[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен Р[...] ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Шымкент қалалақ сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 3 тамыздағы қаулысымен іс бойынша бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды сұраған.

Ұсынуды қолдап алған Р[...] және адвокат А[...] ұсынуыды қанағаттандыруды сұрағанын, ҚОСжББ-ның өкілі А[...] ұсынуыға қарсы пікірін, прокурор К[...] қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерделеп, сот алқасы мынадай келесі тұжырымға келді.

Іс материалдарына сәйкес Р[...] Шымкент қаласы, ар-2 мөлтек ауданы, № 828/1 жер телімі жеке меншік құқығымен, № [...] жер телімінде алаңы 0,5000 га құрылысқа арналған жер телімін игермей бос жатқандығы және Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының лауазымды адамдарының өздерінің құзыреті шегінде берген 27 ақпан 2019 жылғы № 19 нұсқаманың талабын орындамаған.

Аталған әкімшілік жаза, Р[...], Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 27 ақпан 2019 жылғы № 19 санды нұсқама талабын орындамау салдарынан тағайындалған болатын.

Өз кезегінде, аталған нұсқамаға сәйкес, Р[...], Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Асар-2 шағынауданы, құрылыс №828/1 мекенжайы бойынша органалсқан, алаңы 0,5000 га, нысаналы мақсаты - базар құрылысын салу үшін, кадастрлық номері [...] жер учаскесін 03.03.2020 ж. дейін нысаналы мақсаты бойынша игеруге тиіс болатын.

Іс материалдарынан 2019 жылдың 27 ақпанында Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасымен Р[...] жер учаскесін пайдалану бойынша жер заңнамасының талаптарын орындау туралы № 19 нұсқама шығарылғаны көрінеді. Р[...] түсініктемелерінен анықталғандай Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - ЖК) 92-бабында көзделген жер учаскесін пайдаланудың үш жылдық мерзімі тек 2019 жылғы 8 желтоқсанда ғана, яғни оның жер пайдалану құқығы уәкілетті органда тіркелген кезден бастап аяқталу тиіс (22, 50-52 іс беттері). Сондықтан жер заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама 2019 жылдың 8 желтоқсанынан кейін берулі, ал оның орындалу мерзімі бір жыл болуы керек. Сондай-ак, ЖКнің 92 бабының 3-1 тармағында көзделген жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының әрекетсіздігін еске алу керек. Р[...] әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы бірінші сатыдағы соттың қаулысы 2016 жылғы 16 қыркүйекте шығарылды. Осылайша, жергілікті соттармен оған көрсетілген нұсқаманың уақтылы немесе мерзімінен бұрын табыстауы сияқты іс үшін маңызды мән-жай тексерілмеген болып қалды.

Даулы жер учаскесіне құқықтарды тіркеу туралы анықтамаларға сәйкес 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Р[...] иемденгенге дейін оның құқық иеленушілері 4 жеке тұлға болып табылған - Ю[...], Е[...], З[...] және З[...]. Оның үстіне соңғысы екі рет осы жер телімінің иесі болған (37-41 і.п.).

Сонымен қатар, іс бойынша соттармен аталған тұлғалардың кез келгеніне жер учаскесін игеру туралы Жер кодексінің талаптарын орындау қажеттігі жөнінде нұсқамалардың шығарылғаны, сатып алусату шартын жасау кезінде осы нұсқама немесе нұсқамалар жөнінде кейінгі сатып алушылардың әрқайсысына белгілі немесе белгісіз болғаны анықталмаған.

Сондай-ақ, соттар мұндай нұсқамаларды тіркеу тәртібін, олардың нақты жер учаскесіне ауыртпалықтар туралы тіркеуші органның ақпаратында көрсетілуін және т.б. анықтауын қажет етеді.

Бұл мән-жайлар жергілікті соттардың назарынан тыс қалған. Мұндай жағдайда аталған сот актілерінің күші жойылып, іс бірінші сатыдағы соттың қайтадан қарауына жолдануға жатады.

Сот істі қайта қарау барысында жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жойып, қажет болған жағдайда іс бойынша басқа да процестік амалдар жүргізіп, барлық жинақталған дәлелдемелердің жиынтығына тиісті баға беріп, заңды шешім қабылдауы тиіс.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Р[...] қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі және Шымкент қалалақ сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 3 тамыздағы қаулыларының күші жойылсын, іс қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жолдансын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

Б. Шермұхаметов Н. Құрманғалиев Е. Маукен

Көшірмесі дұрыс. Судья Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.