Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 18.03.2026 по делу 6003-26-00-2/9 (Гражданское)

ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 18 наурыз № 6003-26-00-2/9 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Н.Б.Ормаханов, арыз беруші Макпал Оразалиевна Тажиеваның мүдделі тұлғалар «Kaspi Bank» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - АҚ), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на, «Банк Хоум Кредит» АҚ-на, «Еуразиялық Банк» АҚ-на, «KMF (КМФ) Банк» АҚ-на төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арызы бойынша азаматтық істің соттылығын анықтау жөніндегі Шымкент қалалық сотының төрағасының ұсынысын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Түркістан облысы Созақ аудандық сотының 2026 жылғы 6 ақпандағы ұйғарымымен арыз беруші М.О.Тажиеваның мүдделі тұлғалар «Kaspi Bank» АҚ-на, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на, «Банк Хоум Кредит» АҚ-на, «Еуразиялық Банк» АҚ-на, «KMF (КМФ) Банк» АҚ-на төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы азаматтық іс соттылығы бойынша Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданған.

Сот, істі соттылығы бойынша жолдағанда Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 34-бабы 2-бөлігінің 3) тармақшасын басшылыққа алып, арыз беруші М.О.Тажиеваның тұрғылықты жері: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданы, Қажымұқан көшесі, №58 үй екендігімен негізге алған.

Соттар арасында істің соттылығы туралы дау туындағандықтан Шымкент қалалық сотының төрағасы кассациялық сотқа істің соттылығын анықтап беру жөнінде ұсыныс келтірген.

Шымкент қалалық сотының ұсынымы негізінде арыз арызданушының тіркелген орны емес, тұрғылықты жері бойынша Түркістан облысы Созақ аудандық сотының қарауына жатады.

Іс материалдарын, ұсыныстың уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келеді.

«Азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 20бабының 2-тармағы бойынша борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында береді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 16бабына сай азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.

Азаматтың тiркелген жерi оның заңды мекенжайы болып танылады. Іс құжаттарынан анықталғандай арыз беруші М.О.Тажиеваның тұрғылықты жерінің тіркелген жері: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданы, Қажымұқан көшесі, №58 үй.

Демек, Түркістан облысы Созақ аудандық сотымен азаматтық іс АК-нің 16-бабы негізінде арыз берушінің тіркелген жері бойынша Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына соттылығы бойынша дұрыс жіберілген.

АПК-нің 34-бабының 6-бөлігінің талаптарына сай, соттардың арасындағы істің соттылығы туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және ол шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды.

Жоғарыда аталған негіздерге байланысты бұл азаматтық іс Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына негізінен қарауға жолдануға жатады.

АПК-нің 36-бабының 4-бөлігін, 268, 269-баптарын басшылыққа алып, судья ҰЙҒАРДЫ:

Арыз беруші Макпал Оразалиевна Тажиеваның мүдделі тұлғалар «Kaspi Bank» АҚ-на, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на, «Банк Хоум Кредит» АҚ-на, «Еуразиялық Банк» АҚ-на, «KMF (КМФ) Банк» АҚ-на төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы азаматтық іс соттылығы бойынша Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдансын.

Судья Н.Ормаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.