ҚАУЛЫ
20 мамыр 2026 жыл 6003-26-00-4к/179 (4) Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші М.А.Туғанбаев,
судьялар – Р.М.Айнақұлова, Л.С.Кудекова болып,
жауапкер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі С.К.Мырзакуловтың,
жауапкер Т.Рысқұлов ауданы Қайынды ауылдық округінің аппаратының өкілі Н.Т.Сералиевтің қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Курамаев Кайрат Алпысбаевичтың (бұдан әрі – талап қоюшы) жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – ҰҚК Департаменті), «Т.Рысқұлов ауданы Қайынды ауылдық округінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Әкім аппараты) 49 бас мүйізді ірі қараны негізсіз алып қою әрекетін заңсыз деп тану және 49 бас мүйізді ірі қараны иесіне қайтаруды міндеттеу туралы талап арызы бойынша қабылданған,
Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 5 наурыздағы ұйғарымына талапкердің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап арызымен сотқа жүгінген. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 21 шілдедегі шешімімен К.А.Курамаевтың талап қоюы толықтай қанағаттандырылып, ҰҚК Департаментінің 07 желтоқсан 2024 жылы К.А.Курамаевтан 49 бас мүйізді ірі қара малды алып қою әрекеттері заңсыз деп танылған және Әкім аппаратына талап қоюшыға 49 бас мүйізді ірі қара малды қайтару міндеттелген.
Аталған сот шешімінің Әкім аппаратына талап қоюшыға 49 бас мүйізді ірі қара малды қайтаруды міндеттеген бөлігі дереу орындалуға жатады деген шешім қабылданған.
Сонымен қатар сот ҰҚК Департаменті тарапынан заңдылық бұзылу жағдайын анықтап, жеке ұйғарым шығарған.
Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 желтоқсанындағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгерітіліп, аталған шешімнің ҰҚК Департаментінің 07 желтоқсан 2024 жылы К.А.Курамаевтан 49 бас мүйізді ірі қара малды алып қою әрекеттері заңсыз деп танылған бөлігінің күші жойылып, істің бұл бөлігінде
талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданып, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 наурыздағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың 2025 жылғы 21 шілдедегі ҰҚК Департаментіне қатысты жеке ұйғарымының күші жойылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында істі қарау барысында сот алқасы тарапынан зерттелген дәлелдемелерге дұрыс баға берілмегендігін, материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмағандығын көрсетіп, дау айтылған сот алқасы ұйғарымының күшін жойып, бірінші саты сотының ҰҚК Департаментіне қатысты жеке ұйғарымын күшінде қалдыруды сұрайды.
Сот отырысының уақыты мен орыны туралы тиісінше хабарланған талапкер сотқа келген жоқ.
Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабына сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Жауапкерлер өкілдерінің түсініктерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, кассациялық сот төмендегідей тұжырымға келді.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Кассациялық сот тарапынан осы іс бойынша мұндай кемшіліктердің орын алмағандығы анықталды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 270бабына сәйкес заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Аталған әкімшілік іс Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотында талапкер мен Әкім аппаратының кассациялық шағымдарымен қаралып, оның 15 сәуір 2026 жылғы қаулысымен Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 21 шілдедегі шешімі мен Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 желтоқсанындағы қаулысы бұзылып, іс бойынша жаңа шешім қабылданып, талап қоюшы Курамаев Кайрат Алпысбаевичтың жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Т.Рысқұлов ауданы Қайынды ауылдық округінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 49 бас мүйізді ірі қараны негізсіз алып қою әрекетін заңсыз деп тану және 49 бас мүйізді ірі қараны иесіне қайтаруды міндеттеу туралы талап арызын қанағаттандырудан толықтай бас тартылған.
Кассациялық соттың іс бойынша жаңа шешім қабылдауына келесі жағдайлар негіз болған.
Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 2024 жылдың 7 желтоқсанында ҰҚК Департаментінің шекара жасағы талап қоюшы К.А.Курамаевқа тиесілі 49 бас мүйізді ірі қара малды шекара маңынан ұстап, осының негізінде шекара басқармасының офицері Қ.А.Төлебаев малшылар Е.Абдикапарұлы мен Д.С.Шалбаевқа қатысты шекаралық белдеуде шаруашылық қызметті жүргізудің белгіленген тәртібін сақтамау фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырған және де сол күні ұсталған малға қарау жүргізу туралы акт толтырылып, малдар «Қайынды» ауылдық әкімдігіне тексеру аяқталғанға дейін қарап-бағуға тапсырылған.
2024 жылғы 9 желтоқсанда «Қайынды» ауылдық округінің әкімі аталған 49 бас мүйізді ірі қара малды жауапты сақтау шарты негізінде жеке кәсіпкер Ж.А. Мыкиевке сақтауға беріген.
ҰҚК Департаменті өкілінің кассациялық сотта берген түсініктемелеріне сәйкес, К.А.Курамаев 49 бас мүйізді ірі қара малы ұсталғаннан кейін оқиға орнына келген, алайда ол осы ұсталған малдың иесі екенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынбаған.
Кассациялық сот отырысы барысында ҰҚК Департаменті өкілінің жоғарыда берген түсінігі талап қоюшы өкілі тарапынан жоққа шығарылмаған.
Іс құжаттарына сәйкес, К.А.Курамаев малдың иесі екенін дәлелдейтін екі құжатты тек қана 2025 жылдың ақпан айының 27-де ғана ұсынған, оның үстіне бұл құжаттарда сәйкессіздіктер орын алған, мысалы, бір құжатта 14 бас жылқы малы деп көрсетілсе, бір құжатта 49 бастың орнына 10 бас мүйізді ірі қара деп көрсетілген.
Мұндай жағдайда жауапкерлердің ұсталған малды уақытша қарап-бағуға үшінші тараптарға беруін кассациялық сатыдағы сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабының талабына толықтай сай келеді деп тапқан, яғни ҰҚК Департаменті тарапынан қандай да бір заң бұзушылық орын алмаған. Демек, апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың ҰҚК Департаментіне қатысты шығарған жеке ұйғарымын негізді түрде бұзған.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, талап қоюшы К.А.Курамаевтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
| Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының | |
|---|---|
| 2026 | жылғы 5 наурыздағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын. |
| Талапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. | |
| Төрағалық етуші Туғанбаев М.А. | |
| Судьялар Айнақұлова Р.М. |
|
| Кудекова Л.С. |
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.