ҰЙҒАРЫМ
2025 жылғы 15 тамыз №6003-25-00-4к/7 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы Н.Е.Нұралыева
Астана қаласы соты төрағасының міндетін атқарушысының «Ермахан и Д.Н». жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - Серіктестік) Түркістан облысының әкіміне, «Келес аудандының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Келес аудандық жер комиссиясының төрағасына, «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жер комиссиясы отырысының 2025 жылғы 21 сәуірдегі хаттамасын даулау және жер учаскесін беру туралы қолайлы акт қабылдауға міндеттеу туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істің соттылығын айқындау туралы ұсынуын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Серіктестік Түркістан облысының әкіміне, «Келес аудандының жер қатынастары бөлімі» ММ-ге, «Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-ге, Келес аудандық жер комиссиясының төрағасына, «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-ге жер комиссиясы отырысының 2025 жылғы 21 сәуірдегі хаттамасын даулау және жер учаскесін беру туралы қолайлы акт қабылдауға міндеттеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.
Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 30 мамырдағы ұйғарымымен әкімшілік іс соттылығы бойынша Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына берілді.
Сот істі соттылығы бойынша жіберген кезде Серіктестік инвестор болып табылатынын және тараптар өзара келісім негізінде істің аумақтық соттылығын өзгерткенін, тиісінше дау Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының соттылығына жататынын атап көрсетті. Өз ұсынуында Астана қалалық соты төрағасының м.а. осы дау инвестициялық дау санатына жатпайтынын, өйткені мемлекет пен Серіктестіктің арасында инвестициялық шарт жасалмағанын, дау жер учаскесін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден туындағанын көрсетіп, осы әкімшілік істің соттылығын айқындауды сұрайды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 109-бабының 1- бөлігіне сәйкес соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Ұсынуды қарап, судья төмендегідей тұжырымға келді. ӘРПК-нің 102-бабының 3-бөлігіне сәйкес Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі- АПК) 27-бабының 1-2-бөлігінде аталған инвесторлардың әкімшілік органдардың, лауазымды адамдардың әкімшілік актілеріне, әкімшілік әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі талап қоюларын қарайды.
АПК-нің 27-бабының 5-бөлігіне сәйкес инвестор қатысатын құқықтық қатынастардан туындайтын, инвестициялық қызметке байланысты емес өзге де даулар, сондай-ақ оңайлатылған іс жүргізумен қарауға жататын инвестор қатысатын даулар осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылыққа сәйкес аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың соттылығына жатады.
2024 жылғы 21 мамырда Серіктестікке Түркістан облысы Келес ауданындағы «Босзу» учаскесінің С-II-III блоктарында кең таралған № 127 пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия (бұдан әрі - Лицензия) берілгені анықталды. Жер қойнауы учаскесінің ауданы 139,5 га. құрайды.
Талап қоюшы лицензия бойынша қызметті жүзеге асыру үшін Түркістан облысының әкіміне жер учаскесін беру туралы өтініш берген.
Келес аудандық жер комиссиясы отырысының 2025 жылғы 18 ақпандағы № 3-1 хаттамасына сәйкес талап қоюшы 81,6 га жер бос болмауына байланысты, ал 8,4 га суармалы жер бойынша Түркістан облысының әкімдігіне өтініш беру қажеттігін көрсете отырып, жер учаскесін беруден бас тартылған.
Талап қоюшы осы хаттамамен келіспей, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына шағым берген.
Аталған шағым Түркістан облысының прокуратурасына, содан кейін 2025 жылғы 4 сәуірде Келес ауданының прокуратурасына, одан кейін Түркістан облысының және Келес ауданының әкімдіктеріне қарау үшін жіберілген.
Нәтижесінде, жер комиссиясының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 7-14 хаттамасының негізінде талап қоюшыға жер учаскесін беруден қайтадан бас тартылған.
Осыған байланысты талап қоюшы аталған хаттамамен келіспей, сотқа жер комиссиясы отырысының 2025 жылғы 21 сәуірдегі хаттамасын және оның әрекетсіздігін заңсыз деп тануды, сондай-ақ жер учаскесін беру туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеуді сұрады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 1) және 9) тармақшаларына сәйкес жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;
Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік кодексінің 284 және 285-баптарына сәйкес инвестициялық жоба - МЖӘ жобаларын, сондай-ақ ұлттық маңызы бар жобаларды қоса алғанда, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды жiбередi.
Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.
Мемлекет КК-нің 284-бабына сәйкес Серіктестікпен инвестициялық жупаны скен асырмайды, сондай-ақ инвестициялар саласында келісімшарт жасаспаған. Осы дау жер учаскесін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде туындаған. Демек, Серіктестік болып табылмайды, сондықтан, оның қатысуымен туындайтын даулар Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының соттылығына жатпайды.
Осыған байланысты Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты сы әкімшілік істі соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылдаған, осы істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберуге негіз жоқ.
Тараптардың ӘРПК-нің 108-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының негізінде әкімшілік істің аумақтық соттылығын өзгерту туралы келісімі аталған дауға қатысты қолданылмайды, өйткені инвесторлармен жасалған даулар ерекше соттылыққа жатады және мұндай даулар бойынша соттылықты тараптардың келісімі негізінде өзгертуге болмайды.
Соттар арасында туындаған істің соттылығы туралы дауды қараған кезде жоғары тұрған сот осы істің соттылығы мәселесіне қатысты шығарылған сот актілерінің күшін жоймайды, тек істің нақты бір соттың соттылығына жататынын айқындайды.
ӘРПК-нің 109-бабының 1-бөлігін басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРДЫ:
«Ермахан и Д.Н». жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - Серіктестік) Түркістан облысының әкіміне, «Келес аудандының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Келес аудандық жер комиссиясының төрағасына, «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жер комиссиясы отырысының 2025 жылғы 21 сәуірдегі хаттамасын даулау және жер учаскесін беру туралы қолайлы акт қабылдауға міндеттеу туралы талап қоюы бойынша әкімшілік іс Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілсін.
Астана қаласы соты төрағасының міндетін атқарушысының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Ұйғарым түпкілікті, шағым берілуге және наразылық келтіруге жатпайды.
Судья
Н. Нұралыева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.