№6001-23-00-6ап/2360 №6001-23-00-6ап/2360 (2)
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 18 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Ғ.Ө.Әлжанов,
судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова,
мүдделі тұлғалардың өкілдері И[...], Б[...],
Б[...] қатысуыларымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшылар А[...], Ә[...], А[...], Б[...], Б[...], Г[...], Д[...], Д[...], Ж[...], Ж[...], Р[...], К[...], К[...], К[...], Қ[...], Л[...], М[...], М[...], М[...], М[...], Н[...], Н[...], Н[...], О[...], Ө[...], С[...], С[...], С[...], Т[...], Т[...], Т[...], Т[...], А[...], Кулжан Есілімқызы Арыстанованың, Б[...], И[...], С[...], К[...], Т[...], Ғ[...], С[...], Б[...], Т[...], У[...], Х[...], Ш[...], Ш[...], Ш[...], Шырын Салыковна Шаухимованың, Рашит Сергеевич Даировтың, Аман Аралбайұлы Арыстановтың, Светлана Нуртазаевна Н[...] жауапкерлер Атырау облысы әкіміне, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Атырау облысы әкімінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының» 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №8 хаттамалық шешімінің 1.2.,1.3. тармақтарындағы «АТА[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бөліктерін заңсыз деп тану, COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқандары үшін 2021 жылдын тамыз айына 20 (жиырма) айлық ең төменгі жалақысы көлемінде үстем ақысын толық көлемінде төлеуге тізім жібермеу әрекеттерін заңсыз деп танып, тізім жіберуге міндеттеу туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 15 наурыздағы шешімі мен Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі қаулысына жауапкерлер Атырау облысы әкімінің, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіннің келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшылар жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 15 наурыздағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылған.
Жауапкерлер Атырау облыстық әкімі, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқандары үшін 2021 жылдын тамыз айына 20 (жиырма) айлық ең төменгі жалақысы көлемінде үстем ақысын толық көлемінде төлеуге тізім жібермеу әрекеттері заңсыз деп танылған;
Атырау облысы әкімінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының» 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №8 хаттамалық шешімінің 1.2.,1.3. тармақтарындағы «АТА[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бөліктері заңсыз деп танылып, күші жойылған;
жауапкерлер Атырау облыстық әкімі, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқандар талап қоюшыларға 2021 жылдын тамыз айына 20 (жиырма) айлық ең төменгі жалақысы көлемінде үстем ақысын толық көлемінде төлеуге тізім жолдау міндеттелген.
Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкерлер кассациялық шағымдарда жергілікті соттар іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
ӘРПК-ні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сай әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы кассациялық шағымның уәждерімен тараптардың пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
Соттармен анықталғандай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің (бұдан әрі – Министр) 2020 жылғы 4 сәуірдегі №ҚР ДСМ28/2020 «COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған дансаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) қабылданған.
Бұйрықтың 1-қосымшасында COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы мөлшері COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел топтары бойынша айқындалған.
2020 жылғы 7 сәуірде Атырау облысы әкімінің қаулысымен «Атырау облысыныңда COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерін қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссия құру туралы» комиссия құрылған (бұдан әрі - Комиссия).
2021 жылғы 13-20 шілдеде жасақталған келісім арыздарға сәйкес талап қоюшылар коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылуға денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің қауіп тобына байланысты келісімдері алынған.
2021 жылғы 26 тамызда Министрдің №ҚР ДСМ-93 бұйрығымен жоғарыда аталған Бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға және қауіпті тобына денсаулық сақтау жұмыскерлерінің жалақысына үстемақы мөлшерлерінде: 3-тармақтың екінші бөлігі мынандай редакцияда: «Осы тәуекел тобы бір қызметкерге үстемақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызда республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі жиырма еселенген мөлшерінен (бұдан әріЕТЖМ) және 2021 жылғы 1 қазанға дейін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды» деп жазылған.
2021 жылғы 8 қыркүйектегі №8 Комиссия шешімінің: 1.2-бөлігінде Атырау облысында тамыз айына арналған COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медициналық « «ҚҮМКАТА[...]»» ЖШС-гі (қазіргі атауы «Park Health West») медицина қызметкерлерімен жүргізіліп, 1.3-бөлігінде 2021 жылдың тамыз айына медицина қызметкерлеріне 50 пайызда кемітілген соммада құжаттар қабылданатыны туралы шешім қабылданған.
Бұл әрекетпен келіспей, талап қоюшылар сотқа жүгінген.
Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырып, жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды деп, құзырлы органдардың COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқандары үшін 2021 жылдын тамыз айына 20 (жиырма) айлық ең төменгі жалақысы көлемінде үстем ақысын толық көлемінде төлеуге тізім жібермеу әрекеттері заңсыз деген қорытындыға келген.
Талап қоюшылармен коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылғаны туралы Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің қауіп тобына байланысты келісім арыздары жасақталған. Алайда, жауапкерлермен 2021 жылғы 26 тамызда қабылданған Бұйрық негізінде талап қоюшылардың еңбек жағдайлары өзгергені, олардың жұмысты жалғастыруға келісімін алғаны туралы дәлелді құжаттар сотқа ұсынылмаған.
Бұл жағдайда еңбек заңнамасында жұмысшылардың еңбек жағдайларын біржақты нашарлататын актілер шығару мүмкіндігі қарастырылмаған деген тұжырым негізді болып табылады. Кассациялық шағымдар өзінің мазмұны мен мәні пікірлерде келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай. Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.
Бұндай жағдайда, кассациялық шағымдарда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.
Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.
ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 15 наурыздағы шешімі мен Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкерлер Атырау облысы әкімінің, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіннің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Төрағалық етуші Ғ. Әлжанов Судьялар Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова Көшірмесі дұрыс. Судья Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.