6001-22-00-3г/2426
ҚАУЛЫ
2022 жылғы 30 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ж.М. Қашқынбаева талап қоюшы Ақтөбе облысы, [...] мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мекеме) «Д[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (бұдан әрі - Серіктестік) мемлекет пайдасына 278 535 100 теңгені өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 15 шілдедегі шешімін және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысын қайта қарау туралы Серіктестіктің келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Мекеме сотқа берген талап арызында Серіктестіктен мемлекет пайдасына 278 535 100 теңгені өндіруді сұраған.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 15 шілдедегі шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған.
Серіктестіктен мемлекет пайдасына 278 535 100 теңге, жергілікті бюджет пайдасына 8 356 053 теңге мемлекет баж салығы өндірілген.
Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта Серіктестік іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың істі қарау барысында материалдық құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, дауланған сот актілерінің күшін жойып, істі мәні бойынша қайта қарауға жолдауды сұраған. Сонымен қатар, Серіктестік өтінішхатты беру үшін өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіруді сұраған.
Сот актілеріне шағым жасаудың өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың уәждерін зерделеп, судья өткізіп алған мерзім қалпына келтірілуге жатады деп есептейді.
Азаматтық іс құжаттарын және өтінішхат уәждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беру керек деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде
бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.
Азаматтық іс құжаттарынан анықталғандай, талаптар арасында Шалқар қаласының автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде келесі көшелер бойынша: Достан би, Таушанов, Нуртаев, Шеңбертал көшелері, Мөнке би көшесінің қиылысынан бастап Қарагулин көшесіне дейін және Абай көшесі (Байсалбаев көшесінен Ерімбетов көшесіне дейін, жалпы сомасы 259 840 000 теңге және 89 600 000 теңге құрайтын 2020 жылғы 6 мамырда №143 шарттары жасалған.
Аталған автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, жөндеу жұмыстары жасалған көшелер пайдалануға қабылданған. Алайда, 2020 жылғы 8 қазанда Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясымен және «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесі мамандары қатысуларымен жоғары аталған көшелердің жөндеу жұмыстарына аудиторлық іс шаралар жүргізілген. Жүргізілген аудиторлық іс шараның нәтижесінде Абай көшесінің жөндеу жұмыстарына 72 453 200 теңге, Достан би көшесіне - 206 081 900 теңге, барлығы 278 535 100 теңгенің жұмыстары орындалмағандығы анықталған.
Сметалық жұмыстарды жүргізген жеке кәсіпкер «Сәулет» аудиторлық іс шара жүргізу барысында жіберген кемшіліктерін толық мойындаған. Аудиторлық іс шараның нәтижесінде «Сәулет» жеке кәсіпкердің инжинирингтік қызметтермен айналысуына шектеу қою туралы сотқа арыз жолданған.
Сонымер қатар, тапсырыс беруші мен сметалық құжаттаманы жасаған тұлға арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалмаған.
Аудиторлық іс шараның қорытындысына сәйкес аталған жөндеу жұмыстарына сметалық жоба жасалғанда кейбір материалдардың құның нарықтағы бағадан бірнеше көтеріңкі көрсеткен.
Жергілікті соттар жауапкермен орындалған жұмыстардың көлемі мен құны техникалық сипаттамдағы жұмыстардың көлемі мен құнына сәйкес келмейтіндіктен, жауапкерден бюджет қаражатынан негізсіз төленген 278 535 100 теңге мемлекет пайдасына қайтарылуға жатады деп тұжырымға келген.
Соттардың бұл тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есептейді. Өтінішхатта келесідей уәждер келтірілген:
Сот шешім қабылағанда Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 2 қазандағы №1 аудиторлық есебінде көрсетілген тек ғана мамандардың қорытындыларын негізге алған.
Орындалмаған жұмыстарға мемлекет қаражатын аударуға байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)
371-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп отырған Шалқар қаласының әкімі Т[...] қатысты қылмыстық іс бойынша «Қызылорда облысы бойынша Сот сараптама институты» ММ-і өткізген 2021 жылғы 25 мамырдағы №762 сарапшы қорытындысында автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстардың құны 100 126 183 теңге құрағаны анықталған. Алайда жергілікті соттар осы азаматтық іс бойынша орындалмаған жұмыстардың құнын анықтау және жоғарыда аталған сарапшы қорытындысын негізге алу жөніндегі өтінішіне мүлдем құқықтық баға берілмеген.
Өз кезегінде, АПК-тің 82-бабының талаптарында ревизия қорытындылары сарапшы қорытындысын ауыстырмайтындығы баяндалған.
2021 жылғы 25 мамырдағы №762 сарапшы қорытындысына сәйкес Шалқар қаласы, [...] қиылысынан бастап Достан би, Таушан, Нұртаев, Шеңбертал, Карагулин көшесіне дейінгі автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстардың құны 100 126 183 теңгені құраған, яғни Серіктестіктен өндіруге негіз болған 2020 жылғы 2 қазандағы аудиторлық есебінде көрсетілген 2020 жылғы 25 қыркүйегінде №142, 2020 жылғы 29 қыркүйегінде №145 «Сот сараптамасын ұйымдастыру» мекемесі мамандарының қорытындыларында көрсетілген объектілер толық қамтылған.
Қазіргі уақытта заңды күшіне енген 2021 жылғы 28 желтоқсандағы Шалқар аудандық сотының үкімімен Шалқар қаласының әкімі Т[...] ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігімен сотталған. Аталған үкімге сәйкес сот Шалқар қаласы, [...] қиылысынан бастап Достан би, Таушан, Нұртаев, Шеңбертал, Карагулин көшесіне дейінгі автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстардың құны 100 126 183 теңге құрайтыны анықталған. Көрсетілген жағдайда автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша орындалмаған жұмыстар, яғни жұмыстары орындалмаған бір объект бойынша екі түрлі соманы құрайтын атқарылмаған жұмыстар анықталған.
Өз кезегінде, Серіктестік Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 2 қазандағы №1 аудиторлық есебінен, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 15 шілдедегі шешімінен кейін жалпы сомасы 201 886 673 теңгеге жұмыстарды нақты орындап 2021 жылы 25 қараша айында Объектіні пайдалануға беру туралы актісіне сәйкес тараптар арасындағы 2020 жылғы 6 мамырдағы №№142,143 мемлекеттік сатып алу туралы шарттары негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарының толығымен орындағанын растайды.
Осы жағдайлар орын алып отырған азаматтық-құқықтық дауды шешуде, соттар істі біржақты қарап, дау айтылған сот актілерін құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы бірізділікті бұза отырып қабылдаған деп санайды.
Өтінішхатта көрсетілген және басқа да уәждер дау айтылған сот актілері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында анықталуға жататын негіздер болып табылады.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш қанағаттандырылсын. Сот актілеріне шағым жасау мерзімі қалпына келтірілсін.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 15 шілдедегі шешіміне және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысына келтірілген өтінішхат іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.
Судья Ж.Қашқынбаева Көшірмесі дұрыс Судья Ж.Қашқынбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.