Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 09.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/526 (Гражданское)

6003-26-00-2к/526

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 9 маусым

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,

судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,

прокурор М[...], талап қоюшының Ә[...], жауапкер П[...] қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер П[...], Т[...] өтемақы төлеу арқылы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, онда жауапкер П[...] меншігіндегі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін ақшалай өтемақы төлей отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығаруды сұраған.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, П[...] тиесілі жер учаскесі мен тұрғын үйлер үшін 146 778 625 теңге мөлшерінде өтемақы төлей отырып, мәжбүрлеп иеліктен және жауапкерлер үйден шығарылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Талап қоюшы кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мәнжайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын, сарапшының қорытындысымен келіспейтінін көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, төленетін өтемақыны 83 438 911 теңге мөлшерінде айқындауды сұраған.

Кассациялық сот тараптарды, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 12 тамыздағы №510-2652 қаулылысына сәйкес Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Сырдария көшесі, С[...] көшесінен Ж[...] көшесіне дейінгі мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 1,1357 га жер учаскесі «Сырдария көшесі» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін, мемлекет мұқтажығына мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

Жауапкер П[...] Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Сырдария көшесі, №[...] үй мекенжайында орналасқан, кадастрлық № [...] (бұрын [...]), жалпы ауданы 0,0694 га, оның ішінде 0,0453 га үлесі және Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Сырдария көшесі, №68-б үй мекенжайында орналасқан, кадастрлық № [...] (бұрын [...]), жалпы ауданы 0,0694 га,оның ішінде 0,0241 га үлесі бар үйлердің меншік иесі болып табылады.

Уәкілетті органмен жауапкерге өтемақы төлеу арқылы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама табысталып, 83 438 911 теңге ақшалай өтемақы ұсынылған. Алайда, жауапкер талап қоюшының бағалаған нарықтық құнымен келіспеген.

Осыған байланысты сот ұйғарымымен тағайындалған «ПК[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №С.91-06.25 сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы ауданы 0,0694 га, оның ішінде 0,0453 га үлесі, кадастрлық № [...] (бұрын [...]) П[...] меншік құқығымен тиесілі жер учаскесінің және ондағы меншік құқығы тиісті түрде рәсімделген және Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Сырдария көшесі, 68-үй, мекенжайында орналасқан жақсартулардың құның ескере отырып, мемлекеттік органда тіркелген құрылыстардың нарықтық құны 98 075 391 теңге құраған. Жер учаскесінің нарықтық құны, жалпы ауданы 0,0694 га, оның ішінде 0,0241 га үлесі, кадастрлық № [...] (бұрын [...]) П[...] меншік құқығымен тиесілі жер учаскесінің және ондағы меншік құқығы тиісті түрде рәсімделген және Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Сырдария көшесі, [...]үй, мекенжайында орналасқан жақсартулардың құның ескере отырып, мемлекеттік органда тіркелген құрылыстардың нарықтық құны 46 230 634 теңге. Мемлекеттік органда тиісті түрде рәсімделмеген және меншік құқығы тіркелмеген, құрылыс материалдарының нарықтық құны ретінде көрсетілген жылжымайтын мүліктің құны 2 472 600 теңгеге бағаланған (бұдан әрі - сарапшының қорытындысы).

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының (бұдан әрі –Заң) 1-бабының 25) тармақшасының талаптарына сәйкес мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару – жер учаскесін

мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу болып табылады.

Заңның 67-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі» туралы Заңның 14бабына сәйкес, бағалаушының дереккөзiн көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын өзі дербес қолдануға құқығы бар.

Талап қоюшының сотқа ұсынған бағалау есебінде жылжымайтын мүлік нысанының нарықтық құны жалпы объект ретінде есептелген, жалпы ауданы 0,0694 га болатын жер учаскесі мен жалпы ауданы 336,7 ш.м. болатын екі тұрғын үй енген, олар біртұтас бағалау нысаны ретінде қарастырылған.

Алайда, бірінші сатыдағы сотпен жауапкерге тиесілі жер учаскесі жалпы көлемі 0,0694 га екі тең емес бөлікке бөлінгені анықталған, осыған байланысты талап қоюшының талап қоюы нақтыланған.

Сарапшының қорытындысында аталған мән-жайлар толығымен ескеріліп, мүліктің нарықтық құны анықталып, бағаланған.

Бірінші сатыдағы сот шешім қабылдаған кезде сарапшының қорытындысын назарға алған. Өйткені, қорытынды иеліктен шығарылатын жер учаскесінің шынайы нарықтық құнын айқындайтын анық дәлелдеме деп танылған. Бұл сараптама заңдылық пен әділдік өлшемдеріне сәйкес келеді. Сарапшымен сараптама салыстырмалы тәсілімен жүргізіліп, зерттеу кезінде аналогтар пайдаланылған. Соттар бұл әдіс объектінің нарықтық құнын анықтау кезінде ең сенімді әдіс болып табылатынын назарға алған. Аталған қорытынды ғылыми негізделген, бағалау тәртібі, стандарты мен әдістемесін көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, Астана қаласындағы нарықта қалыптасқан жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты құнын талдау және зерделеу негізінде құрастырылған.

Сарапшының бағалау тәсілдері мен әдістері сот құрылыс-тауартану сараптамасын жүргізу кезінде жылжымайтын мүліктің құнын айқындау

әдістемесінің талаптарына сәйкес келеді, оны теріске шығаратын дәлелдемелер талап қоюшымен ұсынылмаған.

Апелляциялық сот алқасы соттың бұл тұжырымымен келіскен.

Істің мұндай тұрғысында, соттардың мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алынатын жер учаскесі мен мүлік үшін өтемақыны 146 778 625 теңге мөлшерінде анықтауы заңды.

Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.

Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

А.О.Тогумбетова

Судьялар:

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.