6001-25-00-3г/966(2)
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 12 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ж.М. Қашқынбаева
талап қоюшы «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мекеме) жауапкер «ӨМІРЗАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюымен қозғалған электрондық азаматтық іс бойынша қабылданған
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 қарашадағы қаулысын қайта қарау туралы Серіктестіктің өкілі А.К.Бекбулатовтың келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Мекеме сотқа жүгініп, Серіктестікті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тануды сұраған. Талап қоюының негізі ретінде жауапкердің шартта көзделген міндеттемелерді мерзімінде орындамағанын көрсеткен.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі шешімімен талап қоюшының талап қоюы қанағаттандырылудан бас тартылған.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған.
Серіктестік мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылған.
Серіктестіктен мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 1 846 теңге өндірілген.
Өтінішхатта Серіктестік өкілі іс бойынша қабылданған сот актісімен келіспей, апелляциялық сатыдағы соттың материалдық және процестік құқық нормаларын бұзуға жол бергенін көрсетіп, дауланған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұрайды.
Сот актілерін және өтінішхат уәждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беруден бас тарту керек деген тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Алайда, іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Сот актілерінен анықталғандай, 2022 жылдың 17 наурызында тараптардың арасында №13 құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған (бұдан әрі - Шарт).
Шарттың 2.1, 3.1-тармақтарына және қосымшаларға сәйкес жауапкер жалпы сомасы 531 308 122 теңгеге «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» жұмыстары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат алынған күннен бастап 11 ай ішінде орындауға міндеттенген.
Осы Шарттың аясында тараптар арасында 2022 жылғы 16 маусымда №13/1, 2022 жылғы 2 желтоқсанда №13/2, 2023 жылғы 4 маусымда №13/3, 2023 жылғы 13 сәуірде №13/4 және 2024 жылғы 4 наурызда №13/7 қосымша шарттар жасалған.
Жауапкер 2024 жылғы 4 наурыздағы № 13/7 қосымша шарттың №1 қосымшасына сәйкес құрылыс монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат алынған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде жұмыстарды толығымен аяқтауға міндеттенген.
Нысан бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарының басталғандығы жөніндегі 2024 жылғы 25 сәуірдегі №354 хабарламасы негізінде екінші рет құрылыстың мерзімі 2024 жылдың 27 сәуірі мен 27 мамыры аралығына созылып, жұмыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың 27 мамыры болып бекітілген.
Бірінші сатыдағы сот талапты негізінен қарап, Серіктестік қазіргі уақытта Шарт бойынша міндеттемелерінің толық орындалғанын, тек тапсыру жұмыстары қалғандығын, қабылдау сатысында тұрғанын, талап қоюшы үшін келіп тұрған жағымсыз салдардың жоқтығын, жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану жауапкердің жұмысшылары жұмыссыз қалатындығын, яғни күн көріс көзінен айырылатындығын, ал мемлекет жылда бюджетті қаражатпен толтырып тұратын салық төлеушісінен айырылатындығын ескеріп, жауапкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану жөніндегі талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға жатады деген тұжырымға келген. Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың аталған тұжырымымен келіспей, Серіктестікпен құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге дейін толық аяқталмаған, техникалық қадағалаушы «Әсем-ҚұрылысҚызылорда» ЖШС-ның 2024 жылғы 5 шілдеде №10, 2024 жылғы 15 шілдеде №18 және 2024 жылғы 26 тамызда №18 құрылыс нысаны жөнінде орын алған кемшіліктер бойынша берген нұсқамаларын жауапкер бүгінгі таңға дейін орындамаған деген тұжырымға келген.
Апелляциялық сот алқасының тұжырымдарымен өтінішхат иесі келіспей, өтінішхатта келесідей уәждерді келтірген.
Апелляциялық сатыдағы сот шешімнің күшін жою туралы қаулы шығарған кезде, бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызды мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтамады және материалдық құқық нормаларын бұзды деген қате тұжырым жасаған.
Серіктестік апелляциялық сатыдағы соттың пікірі бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы ретінде танылуына жауапкер белгіленген мерзімде шарт бойынша жұмысты орындамағаны негіз болды.
Апелляциялық алқа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты мен қазандықтың жерге қосылмаған, ФБС блоктарының битумды гидрооқшаулағышы КТПН астында жоқ, объектіде осьтерде монтаждау сэндвич-панельдері жобалық белгіге келтірілмеген, желдету жүйесі қосылмаған, аумақты көгалдандыру бойынша жұмыстар, асфальтбетон жұмыстары аяқталмаған, модульдік қазандықтың сапа паспорты берілмеген деп қате есептеген, өйткені көрсетілген міндеттемелерді орындау шартқа қосымша келісім бойынша 2024 жылдың 27 мамырына дейінгі мерзімге дейін объект толық аяқталу қажет болған.
Шартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыстарды орындау мерзімі-құрылысмонтаждау жұмыстарына рұқсат алған күннен бастап 11 ай.
Тапсырыс берушіге «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулетқұрылыс бақылау басқармасы» КММ құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон түріндегі құрылысмонтаждау жұмыстарына рұқсат 2022 жылдың 17 мамырында берілді. Жұмыстарды орындау мерзімі 2023 жылдың 17 сәуір айы болып белгіленді.
Жобалық сметада бірінші сатыдағы сотта белгіленгендей 2021 жылға құрылыс басталуына арналған құрылыс материалдарының белгіленген бағалары қымбаттады, жобалық сметада көрсетілген материалдар жалпы нарықта өзектіліктің болмау себептері бойынша болмады. Жауапкер жобалық сметаға уақтылы өзгерістер енгізуді ұсынды. Жауапкер жоба авторынан алмағанын ескере отырып, құрылыс жұмыстары кешіктірілді. Бұл ретте бірінші сатыдағы соттарда талап қоюшы жауапкердің шарт бойынша өз міндеттемелерін адал орындағанын және шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін барлық шараларды қабылдағанын анықтады және растады.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюшымен талап қойылғанға дейін шарт ішінара орындалғанын, 504 599 015 теңге сомасындағы жұмыстарды талап қоюшы қабылдағанын растады. Орындалмаған жұмыстардың қалдығы 26 709 107 теңгені құрады.
Тараптар арасында Шартқа келесі қосымша келісімдер жасалды: 09.08.2022 ж. №13/1, 02.12.2022 ж. №13/2, 06.04.2023 ж. №13/3, 13.04.2023 ж. №13/4, 05.12.2023 ж. №13/5, 28.02.2024 ж. №13/6, 04.03.2024 ж. №13/7, 20.12.2024 ж. №13/8.
1.4-тармаққа сәйкес тараптар арасында қол қойылған 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №13/8 қосымша келісімнің шартқа қолданылу мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұдан басқа, Шартқа 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №13/8 қосымша келісімнің 1 - қосымшасына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімі-құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алған күннен бастап 1 ай.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 393-бабының 1-тармағына сәйкес тараптар арасында тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге қол жеткізілген кезде шарт жасалды деп есептеледі. Шарттың мәні туралы шарттар, осы түрдегі шарттар үшін маңызды деп танылған немесе қажет болатын шарттар, сондай-ақ тараптардың бірінің өтініші бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық шарттар маңызды болып табылады.
Жауапкер талап қоюшы алдындағы шарт бойынша, оның ішінде құрылыс объектісі бойынша 2024 жылғы 5 шілдедегі №10, 2024 жылғы 15 шілдедегі №18, 2024 жылғы 26 тамыздағы №18 кемшіліктер бойынша «ӘсемҚұрылыс-Қызылорда» ЖШС техникалық қадағалау ұйғарымдары бойынша жұмыстарды толық көлемде орындады. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабының 13-тармағында (ескі редакция) мемлекеттік сатып алу туралы шартта мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделуі тиіс деп белгіленген. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
АК-нің 351-бабының 1-тармағында егер міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы белгіленсе, онда шығындар тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігінде өтелетіні анықталды.
Заңның 17-бабының 9-тармағына сәйкес Шарт Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда орындалды деп есептеледі. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші:
осындай өнім берушінің осы Заңда айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуіне;
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылдың 9 қазандағы №67 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 561-тармағына сәйкес Заңның 17-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) көздейді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші Өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасын және (немесе) Шарт талаптарын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жиынтығында мынадай шарттарды қанағаттандыратын жағдайларды қоспағанда, мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап қою:
Өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуі;
шарттық міндеттемелерді орындау;
- Тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы.
Осылайша, Серіктестік мекеме алдындағы шарт бойынша жұмыстарды толық көлемде орындады, бірінші сатыдағы соттың шешімі заңды және негізделген болып табылады.
Өтінішхатта көрсетілген және басқа да уәждер дау айтылған сот актілері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында анықталуға жататын негіздер болып табылады.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 қарашадағы қаулысына келтірілген өтінішхат электрондық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.
Судья Ж.Қашқынбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.