ҰЙҒАРЫМ
2023 жылғы 22 маусым 6001-22-00-6ап/2702 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,
судьялар – Ш.Т. Даниярова, Е.Ж. Өміралиев болып,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «А[...]» шаруа қожалығының басшысы Х[...] жауапкер Қазталов ауданының әкіміне 2022 жылғы 19 мамырдағы № 15 жер комиссиясының хаттамалық шешімінің № 8 лотына қатысты бөлігін заңсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 4 тамыздағы шешіміне және Батыс Қазақстан облыстық 2022 жылғы 10 қарашадағы қаулысына мүдделі тұлға «Д[...]» шаруа қожалығының басшысы Т[...] өкілінің келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Жауапкер өкілі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмей істі мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы қарауды сұраған. Сот алқасының отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында қарауға тағайындалған болатын. Жауапкер өкілінің сотқа келмеуі туралы уәжін сот алқасы дәлелді деп санамайды.
Талап қоюшы және басқа мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері сот алқасының отырысына келмеді. Сотқа келмеу себептерін хабарламады.
ӘРПК-ның 114-бабының бірінші бөлігінде көрсетілгендей әкімшілік процеске қатысушылар сотқа келуге міндетті. Сот әкімшілік іске қатысатын кез келген адамның сотқа өзінің келуі туралы өкім бере алады.
ӘРПК-ның 29-бабына сәйкес жауапкер сотқа әкімшілік істің шын мәніндегі мән-жайлары туралы толық және шынайы түрде мәлімдеуге, әкімшілік істі, әкімшілік процеске басқа да қатысушылардың растайтын фактілерін теріске шығаратын құжаттарды сотқа айтуға немесе ұсынуға міндетті. Жауапкердің процестік міндеттерді орындамауы осы Кодексте көзделген процестік салдарлардың басталуына алып келеді.
ӘРПК-ның 18-бабының екінші бөлігіне сай, заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары мен басқа да жолданымдары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, жеке тұлғалар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот алқасы қаралып отырған даудың мәні бойынша түсініктеме беру үшін жауапкердің өкілі ретінде Батыс
Қазақстан облысы, [...] әкімінің сот отырысына келуін міндеттеу қажет деп санайды.
ӘРПК-нің 29, 118-баптарын басшылыққа алып,
ҰЙҒАРДЫ:
Осы іс бойынша Батыс Қазақстан облысы, [...] әкімін немесе оның өкілінің 2023 жылғы 18 шілде күні сағат 09:30-ға тағайындалған сот аласының отырысына келуі міндетті деп танылсын.
Осы іс бойынша сот отырысы кейінге қалдырылсын.
Ұйғарым шағым келтірілуге, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.
Төрағалық етуші С. Баймаханов
Судьялар Ш. Даниярова
Е. Өміралиев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.