Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 20.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/4976(2) (Гражданское)

№6003-25-00-2к/4976(2) Қ А У Л Ы

2026 жылғы 20 сәуір Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Н.Б.Ормаханов болып, талап қоюшы өкілі А.С.Нысанкуловтың,

жауапкер өкілі Р.С.Сайлаудың қатысуларымен, бейне-байланыс құрылғысы арқылы, ашық сот отырысында Шымкент гарнизонының әскери сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешімі мен Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 маусымдағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен, талап қоюшы Мұрат Бақытжанұлы Есімовтың жауапкерлер «Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы», «Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне кінәлі тұлғаны жазалау және әскери қызметтен босату туралы бұйрықтарды заңсыз деп танып күшін жою, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақысын, моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы электрондық азаматтық ісін қарап,

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шымкент гарнизонының әскери сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешімі мен Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 маусымдағы қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Талап қоюшы Мұрат Бақытжанұлы Есімовке іс бойынша артық төленген 28 034 (жиырма сегіз мың отыз төрт) теңге мемлекеттік баж қайтарылсын.

Кассациялық сатыдағы сот қаулысы ол жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi.

Төрағалық етуші Г.Джаппарова

Судьялар Н.Ормаханов

А.Есдаулетов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.