6001-25-00-3Г/1605(2)
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 19 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Т.А. Молдахметова,
арыз беруші «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан – Полиция бөлімі)
Қытай Халық Республикасының азаматы Ян Вэйді (Yang Wei) Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызы бойынша шығарылған Абай облысы Үржар аудандық сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешіміне Ян Вэйдінің өкілі – Ә.Серікқазыұлының өтінішхатын электрондық азаматтық істі зерледеу арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Полиция бөлімі жоғарыда көрсетілген арызымен сотқа жүгінген.
Абай облысы Үржар аудандық сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешімімен арыз қанағаттандырылған.
Қытай Халық Республикасының азаматы Ян Вэй (Yang Wei) Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылған. Сот шығыстары өндірілген.
Өтінішхат иесі істі қарау барысында материалдық және процессуалдық құқық нормаларының бұзылуына байланысты сот шешімнің күшін жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Алайда, мұндай заң бұзушылықтарға арызданушының пікірінше іс бойынша жол берілген.
Іс материалдарынан анықталғандай, Қытай Халық Республикасының азаматы Ян Вэй (Yang Wei) 1977 жылғы 6 қаңтарда туған.
Ян Вэйге (Yang Wei) қатысты 2025 жылғы 9 қаңтардақы қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - Қылмыстық кодексінің) 277-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабы 1- бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес тоқтатылған.
Полиция бөлімі, Қытай Халық Республикасының азаматы Ян Вэй (Yang Wei) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызымен сотқа жүгінген.
Бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырып, Ян Вэй Қазақстан
Республикасының аумағында қылмыстық әрекет жасағанымен, оның жасаған қылмыстық іс-әрекеті қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар болып табылады деген тұжырымға келген.
Сонымен қатар соттың тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есетпейді.
Атап айтқанда, Ян Вэйге (Yang Wei) қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған, сонымен қатар қылмыс оқиғаға тікелей қатыспаған.
Кылмыстық кодексінің 277-бабының 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтын субъектісіне еңбек қауіпсіздік инженері болмағандықтан жатпайды.
Ян Вэйге (Yang Wei) «Ситик Корпорейшн» филиалының басшысы және стратегиялық маңызы бар жол құрылысының 6-учаскесінің инженері болып жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберуі аталған инфрақұрылымдық жобаның іске асырылу мерзіміне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері сот отырысында тексерілуге жатады.
АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Абай облысы Үржар аудандық сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешімін қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысатың тұлғаларға жолдансын.
Судья Т.А. Молдахметова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.