6003-25-00-2к/3297
Қ А У Л Ы
2025 жылғы 17 желтоқсан
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева, талап қоюшының өкілі С[...], жауапкерлердің өкілі С[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қ[...], Қ[...] тұрғын үйден шығару туралы электронды азаматтық істі талап қоюшының Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 мамырдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 18 ақпандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Қ[...] мен Қ[...] мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы Астана қаласы, [...] басқа үй-жай берілмей шығарылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген. Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен аталған шешімнің күші жойылып, жаңа шешім шығарылып, тұрғын үйден шығару туралы талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мәнжайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертусіз қалдыруды сұраған.
Кассациялық сот тараптарды тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 2-тармағында азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болады.
Астана қаласы, [...] жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (бұдан әрі-ЖШС) жасалған 2021 жылғы 5 наурыздағы № 28 сыйға тарту шарты негізінде «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) теңгеріміне берілген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының анықтамасына сәйкес, аталған жылжымайтын мүлікке 2021 жылғы 31 наурызда Басқарманың құқығы тіркелген.
Осы даулы пәтер Астана (Нұр-Сұлтан) қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2021 жылғы 22 сәуірдегі №1 шешімімен Т[...] апаттағы жағдайдағы тұрғын жайының орнына жалға алу құқығымен беріліп, қабылдау-тапсыру актісі негізінде 1-бөлмелі пәтер кілті Т[...] табысталған.
2021 жылғы 8 қыркүйекте Басқарма мен Т[...] арасында №1281 мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй-жайды жалдау шарты жасалған, бұған қала әкімінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №182-1831 қаулысы негіз болған. Шарт мерзімі 2026 жылдың 6 сәуіріне дейін деп белгіленген.
Т[...] 2022 жылғы 13 қаңтарда қайтыс болған.
Ж[...].Қ[...] қайтыс болған Т[...] немересі, ол Қ[...] некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрады.
Қ[...] даулы пәтер мекенжайы бойынша 2021 жылғы 7 қыркүйектен бері тіркеуде, ал Қ[...] бұл мекенжайға тіркеуге тұрмаған.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2024 жылғы 14 тамыздағы № 6 хаттамасымен жауапкерге даулы пәтерді жалдау (жалға алу) шартын өзінің атына қайта ресімдеуден бас тартылған.
Апелляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшін жоюдың негізі ретінде, шарт жасалған күні, жалға алушы Т[...] немересі Қ[...] отбасы мүшесі ретінде Объектіге тіркеу үшін Басқармаға жазбаша берген өтініші қанағаттандырылып, Қ[...] әжесі Т[...] бірге Объектіде тіркеліп, тұрақты тұрып жатқанын көрсеткен.
Сонымен қатар, жауапкер Қ[...] Басқарманың келісімімен Объектіде 2021 жылғы 8 қыркүйектен бастап тұрып келеді. Жалға алушы Т[...] қайтыс болғаннан кейін Шарт бұзылмаған, керісінше төлем құжаттарына сәйкес талап қоюшы ай сайын жауапкерлерден О[...] уақытша пайдаланғаны үшiн төлемді қабылдап отырған деген түйін жасаған.
Алайда, апелляциялық соттың бұл тұжырымы негізсіз. Ө[...] сәйкес, Т[...] жалғыз жалдаушы болып тіркелген, жауапкерлер осы жалдау шартына отбасы мүшесі ретінде енгізілмеген.
Сонымен қатар, Қ[...] мекенжай бойынша тіркеуге тұруы сол үйді иеленуіне ешқандай құқық бермейді.
Т[...] қайтыс болуына байланысты жалдау Шартынан туындаған тараптардың құқықтары мен міндеттері толығымен тоқтатылуға жатады.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы жалға алушы Т[...] орнына жауапкерлерді жалға алушы деп тану туралы өтініші қанағаттандырылмаған, жауапкерлермен тікелей жалдау шарты жасалмаған.
АПК-нің 76-бабының 2-бөлігінде, соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мәнжайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2025 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысымен күшінде қалдырылған Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен Қ[...] Т[...] отбасы мүшесі деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Демек, талап қоюшының жауапкерлерді тұрғын үйден шығару туралы талап қоюы бірінші сатыдағы сотпен дұрыс қанағаттандырылған.
Істің мұндай тұрғысында кассациялық сот апелляциялық соттың қаулысының күші жойылуға, бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылуға жатады деп санайды.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 2) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 мамырдағы қаулысының күші жойылып, Астана қаласының азаматтық істері жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 18 ақпандағы шешімі күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар: В.Е.Тохтарбаева
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.