6001-24-00-6ап/3682
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 28 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев, судьялар – Ш.Т.Даниярова, Г.К. Нұрбаев,
өзінің ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот мәжіліс залында Ерлан Оралбекұлы Асылбековтың жауапкер жеке сот орындаушы Серик Аханович Ахановтың 2024 жылғы 20 тамыздағы берешекті айқындау туралы қаулысының күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 қарашадағы қаулысына талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы Е.Асылбеков жоғарыда аталған талап арызбен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылған.
Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшының өкілі кассациялық шағымда іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, олардың күшін жоюды, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Тиісті түрде хабарланған тараптар кассациялық саты сотының отырысына келмеуі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сай істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.
Сот алқасы кассациялық шағым уәждері мен іс құжаттарын жан-жақты зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдағанда, сот орындаушының әрекеттері заң талаптарына сай жүргізілген, тараптардың құқықтары бұзылмаған деп тұжырым жасаған.
Сот алқасы төменгі саты соттарының тұжырымдарымен толық келісіп, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп тапты.
Іс құжаттарынан анықталғандай, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 с~отының 2021 жылғы 3 қыркүйектегі сот бұйрығымен талап қоюш~~ ыдан К.Анафияның пайдасына кәмелетке толмаған баласын асырап бағу үшін оның барлық табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.
Жоғарыда аталған сот бұйрығы мен өндіріп алушының арызы негізінде жеке сот орындаушысы С.А.Ахановпен 2024 жылғы 28 қыркүйекте атқарушылық өндіріс қозғалған.
2024 жылғы 20 тамыздағы берешекті анықтау туралы қаулыға сәйкес, талап қоюшының алимент бойынша қарызы 3 774 195 теңгені құрайтыны анықталған.
Қазақстан Республикасының «Сот орындаушысының мәртебесі және атқарушылық іс жүргізу туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 99-бабының 2-бөлігіне сай, алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде борышкер алатын нақты жалақыны (кірісті) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейтiні көрсетілген.
Іс құжаттарынан, талап қоюшының Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің «2018 әскери» бөлімі мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасағандығы жөніндегі айлық-табысы туралы анықтамасына сәйкес, 2021 жылдың қыркүйек айынан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін кезеңінде 3 593 639 теңге және 2022 жылдың қыркүйек айынан 2024 жылдың шілде айына дейінгі кезеңге 11 503 143 тенге, жалпы 15 096 782 тенге табысынан, төленген алимент мөлшерлерін шегере отырып анықталған.
Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шеші~м қабылдағанда, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыпты~~ лық) және отбасы туралы» Кодексінің 138-бабының 1-бөлімін басшылыққа алып, яғни, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балдарын күтіп бағуға міндеттілігі туралы нормаға сай, талап қоюшының ажырасқаннан кейін мүдделі тұлғамен жарасып, бір отбасы болып тұруы, кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу міндетінен босатпайды және бұл шығындар балаларын күтіп бағу міндеттілігінен туындайтын шара ретінде қабылдануға жатады деп тұжырымдаған.
Істің бұндай тұрғысында, жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мәнжайлар ауқымын дұрыс айқындаған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған деп санайды.
Сот алқасы төменгі саты соттарының тұжырымдарымен толық келісіп, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп тапты.
Талап қоюшының кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдамасымен келіспеуі сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.
Сондықтан, сот алқасы талап қоюшының кассациялық шағымын қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлі гінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі шешімі және Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 қарашадағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының өкілі Жумин Мейірбек Дауылбайұлының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б. Судьялар Даниярова Ш.Т. Нұрбаев Г.К. Көшірмесі дұрыс. Судья Дуйсенбаев Г.Б.
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.