№ 6001-22-00-3гп/450
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2022 жылғы 7 желтоқсан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - алқа төрағасы Н.К. Шәріпов,
судьялар Б.Ж. Тоқтарова, А.Ә. Сапарованың,
жауапкер А.[...] өкілі
С[...] қатысуымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Б[...] жауапкер Т[...], үшінші тұлға нотариус К[...] алдын ала шарттағы міндеттемелерді, міндеттемені алдын ала шарттағы міндеттемелермен бірге тоқтатылған деп тану, дүкеннен мәжбүрлеп шығару, құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын қайтару туралы талап қоюымен талап қоюшы Т[...] жауапкерлер Б[...], нотариус К[...] алдын ала жасалған шарт бойынша сатып алу-сату мәмілесін жарамды деп тану, негізгі сатып алу-сату шартын жасау міндетті жүктеу туралы қарсы талап қоюымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы шешімі, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 шілдедегі қаулысын қайта қарау туралы Т[...] өкілі С[...] келтірген өтінішхатына байланысты келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы шешімімен талап қоюшы Б[...] талап қоюы қанағаттандырылған.
Т[...] пен Б[...] арасында 2018 жылғы 3 қарашада түзілген реестр № 719 алдын ала шарттағы міндеттемелер тоқтатылған деп танылған.
2018 жылғы 9 қарашадағы реестр № 732 міндеттеме бойынша Б[...] атынан жазылған міндеттемелер алдын ала шарттағы міндеттемелермен бірге тоқтатылған деп танылған.
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жолы даңғылы, 23/3 ғимарат мекенжайында орналасқан дүкенді Т[...] барлық заттарымен бірге босатуға міндеттелген.
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жолы даңғылы, 23/3 ғимарат мекенжайында орналасқан дүкеннің және жер телімінің құқық белгілейтін
құжаттары: 2015 жылғы 19 наурыздағы реестр № 415 сыйға тарту шартын, жер телімін жалға алу туралы шартын, жер теліміне меншік құқығын беретін кадастр № [...] актісінің, техникалық төлқұжатының түпнұсқалары Т[...] Б[...] қайтаруды міндеттелген. Т[...] Б[...] пайдасына 6 128 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Т[...] қарсы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған. Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Ө[...] Т[...] өкілі С[...] жергілікті соттардың қабылдаған сот актілерімен келіспей, тұжырымдары істің мәнжайларына сәйкес келмейтінін, материалдық және процестік құқық нормаларына қайшы келетінін көрсетіп, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып, Б[...] талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Мәні бойынша іс қаралғанға дейін талап қоюшы Б[...] соттың хабарламасын кеш алуына, сондай-ақ оның өкілі хабарландырмағандықтан, сот отырысына дайындалуға жеткілікті уақыттың болмауына байланысты, сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішхат берген.
Т[...] өкілі С[...] өтініштхатты қанағаттандыруға қарсы пікірін тыңдап, сот алқасы іске қатысушы тұлғаның процестік құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында өтінішхатты қанағаттандырып, сот отырысын кейінге қалдыруды мүмкін деп санайды.
Жоғарыдағылардың негізінде, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 46, 437, 450-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы
Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы шешімін, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 шілдедегі қаулысын Т[...] өкілі С[...] келтірген өтінішхаты бойынша істі қарау кейінге, яғни 2022 жылғы 14 желтоқсан сағат 17.00-ге қалдырылсын.
Төрағалық етуші Н.Шәріпов Судьялар Б.Тоқтарова А.Сапарова Көшірмесі дұрыс Судья А.Сапарова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.