6001-21-00-6ап/70 (2)
ҚАУЛЫ
2022 жылғы 17 наурыз
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы судья С.У. Баймахановтың төрағалығымен,
судьялар Б.Т. Нәжімеденовтің, Г.К. Нұрбаевтың,
талап қоюшының өкілі Ж[...], «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның сенімді өкілі А[...] қатысуымен,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жауапкер - Маңғыстау облысы атқару округінің жеке сот орындаушысы К[...] жеке сот орындаушысының қызметі үшін ақы төлеу сомасын бекіту туралы 2021 жылғы 9 шілдедегі қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талабы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 19 тамыздағы шешімін және Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысын қайта қарау туралы әкімшілік істі мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы ашық сот отырысында қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жеке сот орындаушысының (бұдан әрі - ЖСО) қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы 2021 жылғы 9 шілдедегі қаулысын заңсыз деп тану туралы К[...] әкімшілік талап қойып, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2021 жылғы 19 тамызда шешім шығарып, қойылған талапты қанағаттандырып, ЖСО К[...] қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы қаулысын заңсыз деп таныды және оның күшін жойды.
Маңғыстау облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Сот актілеріне кассациялық шағымында жауапкер жергілікті соттардың тұжырымдарымен келіспеді және бірінші сатыдағы сот шешімінің және апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жоюды сұрады.
Сот алқасы шағымның дәлелдерін қолдаған жауапкер өкілінің түсіндірмелерін тыңдап, дауланып отырған сот актісімен келіскен талап қоюшы өкілінің түсіндірмелерімен танысып, әкімшілік істің материалдарын зерттеп және өтінішхаттың дәлелдерін талқылап мынадай тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидаларында айқындалады. АПК-нің 449-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, істi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша өтiнiшхаттың, ұсынудың, наразылықтың дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексередi.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігінде заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылатыны көзделген.
Осы іс бойынша мұндай негіздер анықталған жоқ.
К[...] кассациялық шағымында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, егер өндіріп алушы орындау бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің жылжымайтын мүлкіне және қандай да бір мүлікке билік ету бойынша белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу туралы қаулы шығарылса, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген атқарушылық құжатты м әжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға жататынын атап көрсетті.
Іс материалдарына және жергілікті соттар анықтаған мән-жайларға сай, ЖСО К[...] жоғарыда аталған норманы бұзып, өндіріп алушы хатының негізінде атқарушылық құжатты қайтару туралы 2021 жылғы 28 сәуірде қаулы шығарған. Ал атқарушылық әрекеттер жасау кезінде шеккен шығыстарды өндіріп алу туралы қаулы шығармай және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын бекітпей, 2021 жылғы 6 мамырда борышкердің жылжымайтын мүлкіне және оның мүлкіне билік ету бойынша белгілі бір іс - әрекеттер жасауға тыйым салудың күшін жойған.
Бұдан әрі жауапкер атқарушылық құжаттың толық орындалуына байланысты өз қызметтеріне ақы төлеу туралы 2021 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен 2 168 915,13 теңге өндіріп алды, ал өндіріп алу толық көлемде жүргізілмеген атқарушылық құжат өндіріп алушыға іс жүзінде 2021 жылғы 28 сәуірде қайтарылды. Сот алқасы бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың жауапкердің осы әрекеттерімен Заңның 118-бабы 2-тармағының нормаларын бұзғаны туралы тұжырымдарымен келіседі. Онда атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізіледі деп көрсетілген. Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызметі үшін төлемнің өндіріліп алынған сомаға немесе мүлік құнына барабар бөлігі ғана төленеді.
Атқарушылық құжаттың толық орындалуына байланысты соманың көлемін бекіту және оны өндіріп алу жөніндегі өз іс-әрекеттерінің заңдылығын куәландыратын ешқандай дәлелдемелерді, сондай-ақ мүлікті пайдалануға тыйым салудың күшін жоюдың дұрыстығы дәлелденген дәлелдемелерді жауапкер кассациялық шағымда келтірген жоқ. АПК-нің 72бабының талаптарына сәйкес, әрбір тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негіздемесі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. Осыған байланысты сот алқасы жауапкердің осы мәлімдемесін негізсіз деп санайды. Жоғарыда баяндалған мән-жайлардың негізінде алқа жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық көлемде анықтады, материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылды деп есептейді.
Мұндай жағдайларда шағым жасалып отырған сот актілері күшінде қалдырылуға, ал кассациялық шағым қанағаттандырылмауға тиіс. ӘРПК-нің 169-бабын, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 19 тамыздағы шешімі, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының өкілі Ж[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын .
Төрағалық етуші С. Баймаханов Судьялар Б. Нажмиденов Г. Нұрбаев Көшірмесі дұрыс. Судья Б. Нажмиденов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.