Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 16.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/4630 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/4630 (3)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 16 сәуір Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья Г.Б. Бастаубаев, судьялар Н.О.Косанов, М.Т. Кадырова, талап қоюшының өкілі Ж.Ш. Сенгирбаеваның,

жауапкердің өкілдері А.Б. Қартбайдың, Б.Б. Бекмурзаның қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Маңғыстау облысының білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке кәсіпкер Руслан Борисович Палиенконы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматық істі жауапкердің Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 27 маусымдағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 6) тармақшасын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 27 маусымдағы шешімінің және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысының күші жойылсын.

Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.

Жауапкердің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Г.Б. Бастаубаев

Судьялар Н.О. Косанов

М.Т. Кадырова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.