№ 6003-25-00-2к/3517 Қ А У Л Ы
2026 жылғы 9 ақпан Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші - судья К.С.Манакаева, судьялар Д.Д.Махметова, А.К. Айкенова,
талап қоюшылардың өкілі Д.А.Кимановтың,
жауапкердің өкілі А.К.Жаксыбаеваның қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшылар Жания Советовна Азиеваның, Толды Уснадиновна Алимбетованың, Атина Иргизбаевна Аяганованың, Зина Жексенбаевна Баймуханованың, Айнур Уразгалиевна Бекжанованың, Лиза Жамихановна Буранбаеваның, Гаухар Султанаевна Даурбаеваның, Надежда Юрьевна Даутованың, Гульсим Базарбаевна Ерекенованың, Акмарал Конысовна Есетованың, Айсауле Кияшовна Каированың, Айман Олжабаевна Касимованың, Жанаргуль Муратовна Кенесаринаның, Индира Мурсалиновна Киясованың, Нургул Есенбаевна Косанованың, Бибит Зейнуллаевна Кудайдуллинаның, Валентина Романовна Кузенкованың, Нурлыгул Зинуллаевна Кулдееваның, Фарида Жанбулатовна Муканованың, Жаныл Толешовна Озганованың, Нургуль Кармысовна Орынбасарованың, Жулдызай Тыныштыкбаевна Оспанованың, Назира Нурыллаевна Пенаеваның, Гулжан Уакитовна Рысмагамбетованың, Алмагуль Кудайбергеновна Сарбупееваның, Кулай Мешитбаевна Серикбаеваның, Бибигуль Сапаевна Тиржанованың жауапкер «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорына жұмыскерлердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде ақшасын өндіру туралы талап коюы бойынша Ақтөбе қаласының № 3 сотының 2025 жылғы 12 мамырдағы шешіміне, Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 шілдедегі қаулысына талап қоюшылардың кассациялық шағымымен түскен электронды азаматтық істі қарап,
Талап қоюшылар аталған талап қоюымен сотқа жүгінген.
Ақтөбе қаласының № 3 сотының 2025 жылғы 12 мамырдағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.
Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 шілдедегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшылар кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сот міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МКЗЖ) төлеу үшін қызметкерлер «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында (бұдан әрі - Орталық) уақытының кемінде 80%-ын тікелей науқастармен өткізуі керек деп көрсеткен. Бірақ бұл қате тұжырым, себебі
Қаулыда жалпы жұмыс уақытының кемінде 80%-ында жұмыс iстейтiн жұмыскерлер туралы айтылған, ал Орталықта жасайтын медицина қызметкерлері, яғни дәрігерлер мен мейірбикелер туберкулезбен ауыратын науқастарға тікелей қызмет ететіні айқын. Апелляциялық және бірінші сатыдағы соттар талап қоюды талап қою мерзімінің өтуі негізінде қанағаттандырудан бас тартқан. Алайда, талап қоюшылар өздеріне қатысты МКЗЖ төленбегені жөніндегі нақты құқықтарының бұзылғанын тек 2024 жылы білгенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, істі қайтадан қарауға жіберуді сұраған.
Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушыларды тыңдап, кассациялық шағым уәждерін талқылап, төмендегі негіздерге байланысты сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Соттармен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Еңбек кодексі) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) талаптарын дұрыс қолданып, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін нақты және дұрыс айқындаған, осы дау бойынша қолдануға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып, тараптардың уәждері мен қарсылықтарын тексеруге соттар заңмен көзделген барлық шараларды жасаған.
Іс құжаттарынан анықталғандай, талап қоюшылар Ж.С.Азиева, Т.У. Алимбетова, А.И.Аяганова, З.Ж.Баймуханова, А.У.Бекжанова, Л.Ж. Буранбаева, Г.С.Даурбаева, Н.Ю.Даутова, Г.Б.Ерекенова, А.К.Есетова, А.К.Каирова, А.О.Касимова, Ж.М.Кенесарина, И.М.Киясова, Н.Е. Косанова, Б.З.Кудайдуллина, В.Р.Кузенкова, Н.З.Кулдеева, Ф.Ж.Муканова, Ж.Т. Озганова, Н.К.Орынбасарова, Ж.Т.Оспанова, Н.Н.Пенаева, Г.У. Рысмагамбетова, А.К.Сарбупеева, К.М.Серикбаева, Б.С.Тиржанова 2014-2018 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы» МКК-да жұмыс атқарған. Тараптардың еңбек қатынастары кезеңінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына (2023 жылғы 20 сәуірде күші жойылған Заң) сәйкес агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.
Сот отырысында талап қоюшылар зиянды жұмыстармен айналысқаны туралы даусыз әрі нақты дәлелдемелер келтірілмеген.
Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, АПКнің 179-бабының 3-бөлігіне сілтеме жасап, өз шешімін талап қоюшылар өз уәждерінде оларға 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары тиесілі екенін және тиісті Заңға сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге кәсіптік зейнетақы жарналары төленуі міндетті екенін тек 2024 жылы белгілі болғаны туралы уәждеуін негізсіз екенін, себебі айтарлықтай уақыт өтті (10 жыл) және жауапкерлерде барлық ішкі құжаттармен немесе жұмыс берушінің бұйрықтарымен танысуға нақты мүмкіндік болғанымен негіздеген.
Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырған.
Заңның (2014 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болған) 26-бабына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын МКЗЖ - МКЗЖ есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Агенттер МКЗЖ меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.
Зиянды өндіріс түрлері мен атқаратын лауазымдар Қаулымен бекітілген. Қағидалардың 16-тармағына сәйкес МКЗЖ төлемі тек зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және жоғарыда аталған тізімге енгізілген мамандық иелеріне ғана жүргізіледі.
Қаулының 161-тармағына сәйкес денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мекемелерінде жұмыс уақытының кемінде 80 %-ында жұмыс iстейтiн жұмыскерлерге туберкулезге қарсы ұйымдардағы (бөлiмшелер мен кабинеттерде), лепрозорийлерде, науқастарға тiкелей қызмет ететін медицина жұмыскерлері жатқызылған.
Атап айтқанда, МКЗЖ төлеу үшін қызметкерлер Орталықта уақытының кемінде 80 %-ын тікелей науқастармен өткізуі керек.
Қазіргі таңда талап қоюшылар Орталықта жұмыс жасамайды, олар 20142018 жылдар аралығында «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік мекемесінде мейірбике және фтизиатр дәрігер лауазымдарында жұмыс істеген.
Өз кезегінде, 2015 жылы Орталықта еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестациялау жүргізілген.
Сарапшылар зиян мен қауіп деңгейін өлшеу нәтижесінде, еңбек жағдайлары 4 класқа бөлінетінін көрсеткен.
Атап айтқанда: 1 және 2 класс - зиянды емес; 3 класс - зиянды (4 дәрежеге бөлінеді); 3.1. - зиянды, бірақ кәсіби ауру қаупі жоқ (қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс уақыты, үстеме ақы көзделеді); 3.3. - кәсіби аурулар болуы мүмкін жағдайлар (мысалы туберкулез қаупі).
МКЗЖ тек 3.3. класс жағдайында жүргізіледі.
Алқа отырысында 2015 жылғы жұмыс орнын аттестациялау қорытындысы бойынша, Орталық бөлімінің қызметкерлеріне 3.3 зиян класы берілмегені, сол себепті оларға МКЗЖ төленбегені анықталды.
Анықталған мән-жайларға байланысты кассациялық сот бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы түйіндерімен келіседі.
Кассациялық шағым уәждері сот алқасының тұжырымдарын теріске шығармайды, істің мән-жайлары жан жақты зерттеліп, оларға құқықтық бағасы берілген, қосымша тексеруді қажет ететін фактілер көрсетілмеген, шағымдалған сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге әкеліп соғатын құқық нормаларының бұзу деректері анықталған жоқ.
Сол себепті, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшылардың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші К.С.Манакаева
судьялар Д.Д.Махметова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.