Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 08.10.2025 по делу 6003-25-00-2к/282 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 8 қазан №6003-25-00-2к/282 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья А.Тоқсанбаев, судьялар А.Даненова, М.Ибрагимова,

аудармашы Ә.Нұрмұраттың, прокурор А.Камашевтің, талап қоюшы өкілі Ғ.Әзімбайдың, жауапкер өкілі Ж.Омаровтың қатысуларымен

ашық сот отырысында талап қоюшы Астана қаласы әкімдігінің жауапкерлер жеке кәсіпкерлер Ауфер Гайнутдинович Замалутдиновке, Зухра Бердыевна Замалутдиноваға өтемақы төлеумен жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару және ғимаратты босатуды міндеттеу туралы талап қоюымен қабылданған Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 қарашадағы шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 ақпандағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Астана қаласы әкімдігі жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, 290 787 053 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны төлеумен Астана қаласы, Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын ауданы, Балқантау көшесі, 104а мекенжайында орналасқан, жеке кәсіпкер Ауфер Гайнутдинович Замалутдинов, жеке кәсіпкер Зухра Бердыевна Замалутдинованың меншік құқығындағы, кадастрлық нөмірі 21-318-049-649, жалпы ауданы 0,1000 га, жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.

Өтемақы төленіп болғаннан соң жеке кәсіпкер А.Замалутдинов пен жеке кәсіпкер З.Замалутдинова жылжымайтын мүлікті босатуға міндеттелген.

Жеке кәсіпкерлер А.Замалутдинов және З.Замалутдиновадан мемлекет пайдасына 3692 теңге баж өндірілген.

Талап қоюшы кассациялық шағымында бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайлар дұрыс анықтамағанын көрсетіп, сот актілерін өзгертіп, талап қоюшыдан өндірілетін өтемақыны 200 662 463 теңгеге дейін төмендетуді сұраған.

Кассациялық сот шағым уәждерін зерделеп, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, келесі негіздерге байланысты жергілікті соттардың сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 188-бабы 5-тармағына сай, меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.

АК-нің 255-бабы 1-тармағына сай, мемлекеттiк органның меншiк иесiнен мүлiктi алып қоюға тiкелей бағытталмаған шешiмiне, соның iшiнде меншiк иесiне тиесiлi үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар немесе өсiмдiктер бар жер учаскесiн алып қою туралы шешiмiне байланысты қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының заң құжаттарымен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана меншiк иесiне құны тең мүлiк берiп және өзге де келтiрiлген залалдарын өтей отырып, немесе меншiк құқығының тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарын толық көлемiнде өтей отырып тоқтатылуына жол берiледi.

84-бабының 1-тармағына сай, жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін.

67-бабына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы осы Заңның 208бабының 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы осы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.

11 қаңтарда Астана қаласы, Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын ауданы

(оң жағалау), Балқантау және Ақыртас көшелерінің қиылысы ауданы мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,7412 га жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін «Елшілік» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) №510-47 қаулы қабылданған.

Алынатын жылжымайтын мүлік А.Замалутдинов пен З.Замалутдиноваға 2017 жылдың 17 наурызындағы сатып алу-сату шарты негізінде Астана қаласы, Алматы ауданы Оңтүстік-Шығыс тұрғын ауданы, Балқантау к-сі, 104а үй мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 21-318-049-649, меншік құқығына тиесілі, жалпы ауданы 0,1000 га жер учаскесі және онда орналасқан құрылыстар кіреді.

Талап қоюшы дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтаған.

2024 жылғы 4 наурыздағы «Дом Оценки» ЖШС-нің есебіне сәйкес, жер учаскесі мен құрылыстардың нарықтық құны 200 662 463 теңге деп бағаланған.

Талап қоюшы жауапкерлерге алынатын жылжымайтын мүліктің өтемақысы ретінде осы соманы ұсынған.

Жер кодексінің 88-бабы 1-тармағында сәйкес егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулымен келіспесе не жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт талаптары бойынша онымен келісімге қол жеткізілмесе, жергілікті атқарушы орган жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Жылжымайтын мүліктің иелері өтемақы мөлшерімен келіспеуіне байланысты жергілікті атқарушы орган жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Тараптар арасында мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша дау жоқ, дау төленетін өтемақы көлемі бойынша туындаған.

«Прогресс Консалтинг» ЖШС-нің 2024 жылғы 12 №С.59-06.24 сараптама қорытындысы бойынша даулы мүліктің нарықтық құны 290 787 053 теңге деп бағаланған.

Бірінші сатыдағы сот сарапшының қорытындысы «Жылжымайтын мүлiктiң құнын бағалау» бағалау стандартына сәйкес келетіні, сараптама қорытындысымен жылжымайтын мүліктің сипатамалары, жабдықтары, орналасқан жері, ауданның беделі, көліктің жоғары қолжетімділігі ескерілгені, бағалауда табыс, шығындар және салыстырмалы тәсілдері қолданылғаны, «Прогресс Консалтинг» ЖШС-нің сараптама қорытындысын негізге алған.

«Дом оценки» ЖШС-сі бағалау есебі жылжымайтын мүлiктiң құнын бағалау стандартына сәйкес келмейтіні, атап айтқанда бағалау есебінде табыс тәсілі қолданылмағаны, автоматтандырылған жүйелер ретінде КО-ИНВЕСТ 2020 жылғы шығарылымы қолданылғаны, ал оның инфляция коэффициенті 2024 жылға жарамсыз екені және 2024 жылғы 3 қазанда сотқа талап қоюмен

жүгінгенде «Дом оценки» ЖШС-сі бағалау есебінің алты айлық мерзімі өтіп кеткеніне байланысты сот оны дұрыс дәлелдеме ретінде қабылдамаған. Бұл сот шешімімен жауапкерлер келіскен.

Азаматтық іс талап қоюшының шағымы бойынша апелляциялық тәртіпте қаралып, қайталама сот сараптамасы тағайындалған.

2025 жылғы 21 ақпандағы №1766 қайталама сараптама қорытындысы бойынша даулы жер мен ғимараттың нарықтық құны 301 339 835 теңге деп бағаланған.

Апелляциялық сатыдағы сот жинақталған дәлелдемелер жиынтығын зерттеп, алғашқы «Прогресс Консалтинг» ЖШС-нің 2024 12 шілдедегі №С.59-06.24 даулы мүліктің нарықтық құны 290 787 053 теңге деп бағалаған сараптама қорытындысы іс жүзіндегі мән-жайларға сәйкес жасалғанын және ол бағалау стандартына сәйкес келетіндіқтен негізді деп дұрыс анықталған.

Талап қоюшының бағалау есебі мен сот сараптама қорытындысы арасындағы айырмашылық бағалау жүргізу кезінде пайдаланған құжаттар тізбесінен туындағаны және уақыт кезеңі айтарлықтай әсер еткені туралы шағым уәждерін сот негізсіз деп санайды, себебі сараптама бағалау стандартына сәйкес жасалған, бағалау есебі мен сараптама қорытындысын жасау үш ай мерзімі жылжымайтын мүліктің нарықтық құны өзгеретіндей аса көп уақыт емес.

Жергілікті соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған.

Кассациялық шағымның уəждері сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды деп санайды.

Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 қарашадағы шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 ақпандағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

А.Тоқсанбаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

А.Даненова

М.Ибрагимова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.