ВС РК - Постановление от 05.10.2021 по делу 6001-21-00-2АПК/13 (Об административном правонарушении)

6001-21-00-2АПК/13

Қ А У Л Ы

2021 жылғы 5 қазан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья А.Қ. Қыдырбаева,

судьялар Г.Ж. Әлмағамбетова, М.Т. Балкен,

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Департаменті бөлімінің прокуроры Т[...],

«Созақ ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі Е.Ә. Тəжінің,

əкімшілік іс жүргізу тоқтатылған тұлға Ж[...]

қатысуымен,

ашық сот отырысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан əрі - ӘҚБтК) 486-бабының 2- бөлігі бойынша Ж[...] қатысты,

Түркістан облысы Созақ аудандық сотының 2020 жылғы 10 қарашадағы жəне Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша келіп түскен əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі кассациялық тəртіппен қарап

Түркістан облысы Созақ аудандық сотының 2020 жылғы 10 қарашадағы қаулысымен ӘҚБтК-нің 486-бабының 2-бөлігі бойынша əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға жасалған Ж[...] шағымын қанағаттандырудан бас тартылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен аталған қаулының күші жойылып, құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде жəне қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тəртіппен іс бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарауды көрсетілген.

Ұсыну дəлелдерін қолдаған прокурор Т[...] қорытындысын, Ж[...] жəне Е.Ә. Тəжінің түсініктемелерін тыңдап, іс материалдарын зерделеп, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тəртіппен қайта қарауға: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың, уəкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады. Іс бойынша мұндай негіздер бар.

Іс құжаттарына сəйкес 2020 жылғы 3 қыркүйекте полиция қызметкері қысқартылған тəртіппен Ж[...] қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты тіркеу тəртібін бұзғаны үшін əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған, содан кейін оған əкімшілік жаза қолдаған.

Ж[...] əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағымын қарау нəтижесі бойынша бірінші сатыдағы сот дəлелденген құқық бұзушылықтың кінəсін мойындап, шағымды қанағаттандырудан бас тартқан.

Апелляциялық соты бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, Ж[...] шағымын қанағаттандырған. Алайда жергілікті соттардың қабылдаған қаулылары негізсіз жəне заңсыз болып табылады.

ӘҚБтК-нің 42-тарауында əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жөнінде қысқартылған іс жүргізу көзделген. ӘҚБтК-нің 810-бабының 1- бөлігіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөнінде, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сəйкес айыппұл түрінде əкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын жəне айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен жəне ұсынылған дəлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған адам анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.

Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тəулік ішінде төлеген жағдайда іс мəні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам əкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі (ӘҚБтК-нің 811-бабының 2-бөлігі).

ӘҚБтК-нің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.

Іс құжаттарына сəйкес 2020 жылғы 3 қыркүйекте Ж[...] ӘҚБтК-нің 486-бабының 2-бөлігінде көзделген əкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған.

ӘҚБтК-нің 829-бабының 1-бөлігіне сəйкес шағымды қарай отырып, судья онда жазылған дəлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке жəне заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан əрекеттерге (əрекетсіздікке) жəне шешімдерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.

Сонымен бірге ӘҚБтК-нің 837-бабымен шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау кезiнде сот өтiнiшхатты шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған тұлғаларды шақырады деп көзделген.

Сот отырысында полиция органының өкілі қысқартылған іс жүргізу тəртібі бойынша Ж[...] айыппұл төлегені жөнінде түсініктеме берген. Алайда іске бұл жағдайды дəлелдейтін құжат тіркелмеген.

Сонымен бірге істі қарау барысында сот ӘҚБтК-нің 486-бабының 2- бөлігінде көздеген əкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімінің сақталуына дұрыс баға бермеген. Себебі заңнамада көзделген міндеттеменің белгіленген мерзімге дейін орындалмауы созылып кеткен əкімшілік құқық бұзышылық деп тануға негіз болмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уəкiлеттiк берілген соттың, органдардың (лауазымды адамдардың) əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi жəне заңда белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына жəне олардың күшiнiң жойылуына əкеп соғады деп көзделген (ӘҚБтК-нің 8-бабының 4-бөлігі).

Осыған байланысты іс бойынша қабылданған сот қаулылары бұзылып, бірінші саты сотына жаңа сот қарауына жіберілуге жатады. Істі жаңа сот қарауында заң бұзушылықтарды жойып, қажет болған жағдайда қосымша құжаттары сұратып, істі мəн-жайы бойынша терең зерттеп, əкімшілік құқықбұзушылық туралы іс өндірісі қатысушыларының уəждерін тексеріп, дұрыс құқықтық баға беріп жəне іс бойынша анықталған мəн-жайларға сəйкес заңды жəне негізді қаулы қабылдау қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандыруға жатады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабын басшылыққа ала отырып сот алқасы,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысы Созақ аудандық сотының 2020 жылғы 10 қарашадағы жəне Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы қаулыларының күші жойылсын,іс бірінші сатыдағы сотқа қайта қарау үшін жолдансын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

А. Қыдырбаева

Г. Әлмағамбетова

Судьялар

М. Балкен

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.