6001-21-00-6ап/485
Қ А У Л Ы
2022 жылғы 29 қыркүйек Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші Баймаханов С.У.,
судьялар Ермагамбетова Ж.Б., Нұрбаев Г.К.,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында жазбаша талқылауда талап қоюшы Т[...] жауапкер Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жетісай ауданының дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ю[...], мүдделі жақ Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің күшін жою туралы талап қою арызымен түскен тәкімшілік ісі бойынша,
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы ұйғарымына, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 27 қаңтардағы ұйғарымына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Т[...] сотқа Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жетісай ауданының дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ю[...], мүдделі жақ Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің күшін жою туралы талап қою арызымен жүгінген. Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2021 2021 жылғы 7 желтоқсандағы ұйғарымымен талап қою арызы қайтарылған. Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 27 қаңтардағы ұйғарымымен сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2021 2021 жылғы 7 желтоқсандағы ұйғарымымен талап қою арызы қайтарылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымымен келіспей, өзінің әкімшілік сот ісін жүргізуді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар жүзеге асыратынын басшылыққа алып, сотқа жүгінгендерін көрсетіп, істі Жетісай аудандық сотына жаңадан қарауға жіберуді сұраған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – ӘРПК) 148-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот тараптардың келісімімен әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға құқылы.
Әкімшілік іс тараптардың келісімімен жазбаша талқылауда қарауға ұйғарылды. Әкімшілік іс материалдары мен шағымның уәждерін зерттеп, алқа келесі тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларымен айқындалады.
АПК-нің 438-бабының 5-тармағына сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Аталған іс бойынша мұндай негіздер анықталмады.
Іс материалдарынан анықталғандай, Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы м.у.а. К[...] талап қоюшы өкілі И[...] берген жауап хатында, Е[...] үй тұрмысы тексеріліп, 3 желтоқсан 2020 жылы акт түзілген, онда баланы алып әкесіне беру немесе шешесіне беру даулы мәселе, ол қорғаншылық және қамқоршылық органның құзіреті шегінде шешілмейтіні көрсетілген. Жергілікті соттар талап қоюшының талап арызын ӘРПК-нің 138бабының 2-бөлігіне 2), 11) тармақтарына сәйкес қайтарған, ол тұжырымдармен алқа төменде көрсетілген негіздерде келіседі. ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігі 2), 11) тармағында, сот мынадай негіздер бойынша талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады: талап қою осы Кодекстің 131-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және алдын ала тыңдағанға дейін кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталса; іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса.
ӘРПК-нің 131-баптың 3-бөлігі 1) тармағында, талап қоюда, әдетте, мыналар да көрсетіледі: талап қоюшының жауапкердің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы, оларды жүзеге асыруға кедергілердің белгіленгені туралы не өзіне қандай да бір міндеттің заңсыз қолданылғаны туралы негізделген пікірі.
Сонымен қатар, ӘРПК-нің 4-бабының 1-бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім.
Алайда анықталғандай, істегі құжаттармен талап арыздың мағынасына сай, талап қоюшы жауапкер Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жетісай ауданының дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ю[...] 3 желтоқсан 2020 жылғы бала тәрбиесімен айналысатын азаматтардың тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын текесеріп-қарау актісінің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы, оларды жүзеге асыруға кедергілердің белгіленгені туралы не өзіне қандай да бір міндеттің заңсыз қолданылғаны туралы негізді дәлелдемелерді тіркемеген және көрсетпеген.
Көрсетілгендердің негізінде, алқа жергілікті соттардың сот актілері заңды негізде қабылданған деп санайды.
Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігінің, АПК-тің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы ұйғарымы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 27 қаңтардағы ұйғарымы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші С. Баймаханов
Ж. Ермагамбетова
Судьялар
Г.Нұрбаев
Көшірмесі дұрыс Судья
Г.Нұрбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.