№6003-25-00-2к/5581
ҚАУЛЫ
2026 жылғы 21 мамыр Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья Г.Б. Бастаубаев, судьялар Н.О.Косанов, М.Т. Кадырова, талап қоюшының өкілі Б.Ж. Омаровтың,
жауапкердің өкілдері Г.И. Каиржанованың, А.Т. Есжанованың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Астана қаласы «Байқоныр» ауданының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің «FTC win» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматық істі жауапкердің Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 31 шілдедегі шешіміне және Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қарашадағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Абай облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 31 шілдедегі шешімінің және Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қарашадағы қаулысының күші жойылып, талап қою қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылсын.
Жауапкер «FTC win»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне артық төленген 18 677 (он сегіз мың алты жүз жетпіс жеті) теңге қайтарылсын. Жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Г.Б. Бастаубаев
Судьялар Н.О. Косанов
М.Т. Кадырова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.