ҚАУЛЫ
2025 жылғы 8 қазан № 6399-2500-4а/597 іс Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың құрамында:
төрағалық етуші - судья Е.Б. Тулеев,
судьялар - Р.М. Айнакулова, Н.М. Кабдрахманова,
ашық сот отырысында Ысқақ Айдана Жұзбайқызының Шымкент қаласы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Талгат Абдугаппарович Махашовқа борышкерге тиесілі жүргізуші куәлігін уақытша тоқтату туралы ұсынысты сотқа жолдамау және әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін ұсыныс жолдамаған әрекетсіздіктерін заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы А.Ж. Ысқақ жоғарда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 27 наурыздағы шешімімен А.Ж. Ысқақтың әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылып, Шымкент қаласы бойынша жеке сот орындаушысы Т.А. Махашовтың борышкер Н.А. Мажитовке тиесілі жүргізуші куәлігін уақытша тоқтату туралы ұсынысты және борышкер Н.А. Мажитовты әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынысты жолдамағаны жөніндегі әрекетсіздіктері заңсыз деп танылған. Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.
Әкімшілік процеске қатысушылар әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының отырысына қатысуға дәлелді себепсіз келген жоқ.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Даудың мәні бойынша шешім қабылданғанда мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Іс құжаттарына қарағанда, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 2018 жылғы 2 мамырдағы сот бұйрығымен борышкер Н.А.Мажитовтан өндіріп алушы А.Ж.Ысқақтың пайдасына 2017 жылғы 1 сәуірде туылған Асқар Айлин Нұрсұлтанқызының асырауына 2018 жылғы 28 сәуірден бастап және кәмелетке толғанға дейін ай сайын еңбек ақысының және (немесе) өзге де кірістерінің 1/4 мөлшерінде алимент өндірілген.
Жеке сот орындаушысы Т.А.Махашевтың 2024 жылғы 22 шілдедегі қаулысымен атқарушылық іс жүргізу қозғалған.
2024 жылғы 10 қыркүйекте талап қоюшы А.Ж.Ысқақ сот орындаушыға электронды поштасы арқылы шағым жазып, онда тыйым салуды, әкімшілік жауапкершілікке тарту және алимент берешегін анықтау туралы қаулыларын шығаруды, атқарушылық өндірістің қозғалған уақыттан бері атқарған тағы басқа әрекеттері туралы мәліметтерді сұраған.
Сот орындаушысы тарапынан шағымға тиісті жауап алмаған соң, 2024 жылдың 23 қыркүйегінде талап қоюшының өкілі А.Тұрсынханов «Е-Өтініш» порталы арқылы Шымкент қаласы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасына (бұдан әрі - Палата) жауапкердің әрекетсіздігіне қатысты тиісті тәртіптік шара қолдану туралы арыз жазған.
2024 жылғы 30 қыркүйектегі сот орындаушының қаулысымен борышкер Н.А.Мажитовтың алимент бойынша берешегі 2018 жылғы 2 мамыр мен 2024 жылдың қыркүйек айы аралығында 2 824 718 теңге құраған. 2024 жылғы 1 қазанда сот орындаушысының борышкер Н.А.Мажитовтың жалақысынан өндіріп алу туралы қаулысы қабылданған.
2024 жылғы 11 қазанда Палата Т.А.Махашевтың заң талаптарын сақтамағанын анықтағанын, осыған орай тәртіптік жауаптылығын тәртіптік комиссиясында қарауға ұсынғаны жөнінде жауап берген.
2024 жылғы 23 қазанда сот орындаушысымен борышкерге қатысты жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеулер қою туралы қаулы қабылданған.
2024 жылғы 28 қазанда сот орындаушысымен борышкер Н.А.Мажитовты іздеуге жариялау туралы қаулы қабылданған.
2024 жылғы 29 қазанда Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокурорымен Н.А.Мажитовты іздеу жариялауға санкциялауға бас тартылған.
2024 жылғы 7 қарашада сот орындаушысының қаулысымен 2024 жылғы 30 қыркүйектегі алимент бойынша берешегін анықтау туралы қаулысының күші жойылған.
2024 жылғы 7 қарашадағы сот орындаушының қаулысымен алимент бойынша берешегі 3 457 525 теңгені құраған.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 12 қарашадағы шешімімен талап қоюшы А.Ж.Ысқақтың әкімшілік талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, талап қоюдың борышкерге қатысты заңға сәйкес дереу орындалатын тиісті шараларды атқармаған әрекетсіздігі мен 2024 жылғы 7 қарашадағы алимент берешегін анықтау туралы қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылып алиментті қайта есептеу міндеттелген, талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы қаулымен 2024 жылғы 7 қарашадағы қаулының күші жойылған.
2024 жылғы 10 желтоқсандағы сот орындаушысының қаулысымен алимент бойынша берешегі 4 096 837 теңгені құраған.
2025 жылғы 14 ақпанда борышкер Н.А.Мажитов алимент берешегін қайта есептеу туралы арызбен сот орындаушыға жүгінген.
2025 жылғы 28 ақпандағы сот орындаушсының қаулысымен, 2023 жылғы 3 мамырдағы, 2024 жылғы 12 ақпандағы, 2024 жылғы 9 сәуірдегі, 2024 жылғы 10 желтоқсандағы алимент берешегін анықтау туралы қаулылардың күштері жойылған.
2025 жылғы 28 ақпандағы сот орындаушының қаулысымен алимент бойынша берешегі 3 016 026 теңгені құраған.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі №261 IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабына сәйкес атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.
Жауапкер осы міндетті дұрыс орындамағанын, сондықтан талап қоюшының талап қоюы қанағаттандырылуға жататыны туралы соттардың тұжырымдыры заңды.
Заңның 34-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Жауапкер осы норманың талаптарын бұзып, алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалғанына қарамастан уақтылы борышккердің көлік құралдарын басқару құқығын қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жібермеген. Заңның 125-бабының 1 тармағына сәйкес борышкер атқарушылық құжатты орындамағаны үшiн әкiмшiлiк не қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабының бірінші бөлігімен сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Заңның 148-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында жеке сот орындаушысының негіздер болған кезде аумақтық органға (бөлімге) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды жіберуге міндеті көзделген, алайда жауапкер борышкер алимент төлеу жөнінде міндеттерін тиісті түрде орындамаса да оған қатысты материалдарды аталған органға жібермеген.
Соттар талап қоюдың нысанасына, істің мән-жайына келетін Заңның 148-бабы 1-тармағының 8) тармақшасымен көзделген норманы қолданбай, күштеп әкелінуді реттейтін қолдануға жатпайтын Заңның 35-1-бабының 1- тармағын қолданған. Алайда мұндай құқық қолдану заңсыз сот актісін шығаруға әкелген жоқ, сондықтан мәні бойынша дұрыс шығарылған сот актілері өзгеріссіз қалдырылуға, ал жауапкер Т.А. Махашовтың апелляциялық шағымы қанағаттадырусыз қалдырылуға жатады.
ӘРПК-ның 169-бабы, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешімі, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Жауапкер Т.А. Махашовтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Е. Тулеев
Р. Айнакулова
Судьялар
Н. Кабдрахманова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.