ВС РК - Постановление от 08.11.2021 по делу 6001-21-00-3Г/5951 (Гражданское)

6001-21-00-3г/5951

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 8 қараша Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Р.Ералиева,

талап қоюшы «Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – КММ) жауапкер «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесіне мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және келтірілген залалды өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 25 наурыздағы шешімін, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 7 шілдедегі қаулысын қайта қарау туралы жауапкердің келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын-ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

«Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі сотқа жауапкер «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесіне мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және 1 509 815 теңге залалды мемлекет пайдасына өтеуді міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 25 наурыздағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесінен мемлекет пайдасына 1 221 732 теңге залал және 36 652 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілген.

Талап арыз қалған бөлігінде қанағаттандырусыз қалдырылған.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 7 шілдедегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Ө[...] арызданушы іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, соттың тұжырымдары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанына сілтеме жасап, олардың күшін жойып, талап арызды толығымен қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Ө[...] төмендегі мән-жайлар көрсетілген.

Тараптар арасында 2016 жылғы 14 мамырда № 24 келісім-шарт жасалған.

Аталған келісім-шарттың талабына сәйкес жауапкер барлығы 2 350 000 теңге тұратын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген, яғни А[...] атындағы Жеңіс саябағын абаттандырған және оның қоршауын ауыстырған деп актіге Бірлік ауылдық округі әкімі М[...] қол қойып, жұмысты қабылдап алған.

Шарттың құны жауапкерге толығымен төленген.

12 мамыр 2020 жылғы жүргізілген тексеру нәтижесінде атқарылмаған жұмыстардың көлемі 1 509 815 теңгені құрайтыны анықталған.

2020 жылғы 29 сәуірдегі Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық сотының үкімімен М[...] Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігімен, 369-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына мемлекеттік функцияларды орындауға лауазымды адам бола тұра, басқа ұйымға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы қызметтік жалғандықты жасады, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмысты жасады деп сотталған.

«Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит Комитеті Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» РММ-ң тарапынан 2019 жылы 10 желтоқсанда жүргізілген № 66 аудиторлық есебінің қорытындысы бойынша мердігермен 1 089 700 теңгеге атқарылмаған жұмыстар көлемі анықталған.

Істе Мойынқұм аудандық сотына жәбірленушінің өкілі К[...]

2020 жылы 27 сәуірде жазған өтінішхаты бар.

Ө[...].К[...].М[...] келтірілген материалдық

шығын толығымен өтелді деп көрсеткен.

Бұл жөнінде жоғарыда көрсетілген үкімде, атқарылмаған жұмыстардың құны 1 087 559 теңгені құраған және ол жәбірленушінің өкілі К[...] өтініші бойынша М[...] толығымен өтелген деп көрсетілген.

Яғни, бұл жайды жәбірленуші талаптан бас тартқан деп пайымдауға болады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 76-бабының 3-тармағына сәйкес, яғни соттың қылмыстық іс бойынша заңды күшіне енген, талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі өзіне қатысты сот үкімі шығарылған адам әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қарайтын сот үшін осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша да, сондай-ақ үкіммен белгіленген басқа да мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты міндетті.

Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес, азаматтық талапкер, сондай-ақ прокурор кімде-кімнің мүддесін қорғап қойған талабынан қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез-келген сәтінде, бірақ сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бас тартатыны туралы мәлімдеуге құқылы.

Азаматтық талаптан бас тарту, әдетте, азаматтық талапкердің жазбаша арызында не электрондық құжат нысанында көрсетіледі, оның азаматтық талаптан бас тартатыны туралы арызы сот отырысының хаттамасына түсіріледі.

Талаптан бас тартуды қабылдау қылмыстық істің осы бөлігінде iс жүргiзудi және адамның азаматтық талапкер ретінде қатысуын тоқтатуға әкеп соғады, сондай-ақ сотқа сол тараптар арасында, сол нысана мен сол негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен дау бойынша қайтадан жүгінуді болдырмайды. Осыған орай, арызданушы жергілікті соттар талап арызды қабылдаудан бас тартуы қажет болған деп есептейді.

АК-тің 917-бабының 1-бөлігіне сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iсәрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Осыған орай, өтінішхат иесі талапкер сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында кінәсі толық дәлелденген М[...] өзіне келтірілген мүліктік шығынды өндіру қажет деп есептейді.

Алайда, М[...] келтірілген залал орны өтелгені немесе өтелмегені белгісіз, ол жергілікті соттармен сот отырысына шақырылмаған.

Осыған орай, арызданушы жергілікті соттармен қылмыстық іс зерделенбеген, осы азаматтық істі қарау барысында жоғарыда аталған қылмыстық істі толығымен зерделеу қажет деп көрсеткен.

Жоғарыдағылардың негізінде, жергілікті соттардың тұжырымы іс құжаттарымен сәйкес келмейді.

Судья өтінішхат берушінің көрсетілген уәждері сот актілерін қайта қарауға негіз болатынын басшылыққа алып, азаматтық істі алқа отырысында қарау үшін беру қажет деп санайды.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1) - тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жауапкер «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесінің Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 25 наурыздағы шешімін, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 7 шілдедегі қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.

Судья Б.Ералиева Көшірмесі дұрыс Судья Б.Ералиева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.