6кп-13-19
2019 жылғы 5 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья А. Қыдырбаева,
судьялар М. Балкен, Б. Шермұхаметов,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],
әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның заңды өкілі М[...],
жәбірленуші Б[...] қатысуларымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2018 жылғы 13 наурыздағы және Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 4 сәуірдегі қаулыларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен келіп түскен
М[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК) 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2018 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен М[...] ӘҚБтК-нің 611-бабының 2- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен аталған сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынуда соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.
Бұл ретте, М[...] келтірген уәждеріне соттар тиісті құқықтық баға бермегендігі туралы дәлелдер көрсеткен.
Ұсынуды қолдамаған прокурор Т[...], әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның заңды өкілі М[...] пікірлерін, керісінше қанағаттандырусыз қалдыру туралы жәбірленуші Б[...] қарсылығын тыңдап, іс материалдарын зерделеп, мамандандырылған сот алқасы ұсынудан мынадай негіздер бойынша бас тартуға жатады деп есептейді.
ӘҚБтК-нің 840-бабына сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер болып табылады.
Аталған негіздер осы іс бойынша анықталмаған. Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 2018 жылғы 10 қаңтарда М[...] «Toyota Highlander» маркалы автокөлігін Түлкібас ауданы Р[...] [...] басқарып келе жатып, № [...] үйдің жанында Б[...] аяғын басып, орын алған жол көлік оқиғасы жайлы жол полициясына хабарламай кетіп қалған.
Төменгі сатыдағы соттардың М[...] әкімшілік жауапкершілікке тарту негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының (бұдан әрі - Қ[...]) 10-бөлігінің 1-тармағы және 2- бөлігінің 1-тармағы 8) тармақшасының талаптарын бұзғаны туралы тұжырымдары болған.
Қ[...] 10-бөлігінің 1-тармағына сәйкес жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда жүріс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін және жай-күйін, жүру бағытындағы көрінуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізеді. Жылдамдық жүргізушіге Қ[...] талаптарын орындау үшін көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді.
Жүруге жүргізуші анықтай алатындай кедергі және (немесе) қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолданады.
Механикалық көлік құралының жүргізушісі жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші Қ[...] 1-бөлімі 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлауға, оны көргендердің тектері мен мекенжайларын жазып алуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күтуге міндетті (Қ[...] 2-бөлігі 1-тармағының 8) тармақшасы).
ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:
қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;
қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;
қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
Ұсыныс мазмұнының дәлелдерін зерделеу ұсынысты қанағаттандыру үшін негіздердің жоқ екенін көрсетеді. Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2018 жылғы 28 ақпандағы қаулысымен М[...] ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
Аталған іс бойынша М[...] 2018 жылғы 10 қаңтарда Түлкібас ауданы, Р[...] ауылы, Қалдаяқов көшесінің бойында автокөлігін жүргізіп келе жатып, жаяу жүргінші Б[...] сол аяғын басып кетіп, жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жолкөлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалғаны анықталған.
ӘҚБтК-нің 769-бабының 2-бөлігіне сәйкес соттың күшiне енген шешiмiмен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы өзге iс бойынша соттың қаулысымен анықталған мән-жайлар, сол бір тұлғалар қатысатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы басқа iстердi қарау кезінде дәлелдеудi қажет етпейдi.
Мұндай мән-жайлар кезінде, мамандандырылған сот алқасы М[...] ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке заңды тартылған деген тұжырымға келеді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 839-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын және 851-бабын басшылыққа алып, мамандандырылған сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2018 жылғы 13 наурыздағы және Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 4 сәуірдегі М[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 611-бабының 2-бөлігі бойынша қаулылары өзгеріссіз, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші А. Қыдырбаева Судьялар М. Балкен Б. Шермұхаметов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.