КСАД РК - Постановление от 16.04.2026 по делу 6003-26-00-4к/16 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 16 сәуір іс № 6003-26-00-4к/16 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот құрамында:

төрағалық етуші судья - М.А. Манабаева,

судьялар - Н.Е. Нуралыева, Е.Б. Тулеев,

прокурор А.Е. Кадылбеков, талап қоюшы Болатбек Турмаханович Батыршаев (бұдан әрі - Б.Т.Батыршаев, талап қоюшы), жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент, жауапкер) өкілдері Д.М. Елқонды, А.А. Сейдахметов,

ашық сот отырысында Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысына берген талап қоюшы Болатбек Турмаханович Батыршаевтыңөкілінің кассациялық шағымы бойынша талап қоюшы Болатбек Турмаханович Батыршаевтың жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2025 жылғы 11 тамыздағы №201 тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарап

АҢЫҚТАДЫ:

Б.Т.Батыршаев сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгініп, оны Департаменттің 2025 жылғы 11 тамыздағы №201 тексеру нәтижелері туралы хабарламасы (бұдан әрі - даулы хабарлама) заңсыз шығарылғанымен негіздеген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған. Департаментінің мекемесінің 2025 жылғы 11 тамыздағы №201 тексеру нәтижелері туралы хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысымен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі шешімінің күші жойылды, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.

Кассациялық шағымда талап қоюшы сот алқасының қаулысының күшін жоюды, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұрады.

Шағымның дәлелдерін толық қолдаған талап қоюшыны, сот актісімен келіскен жауапкердің өкілдерінің түсініктемесін, прокурордың сот актісінің зандылығы туралы қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымның дәләлдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді. 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бүдан әрі - ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кассациялық сатыдағы сотта кассациялық шағымдану тәртібі мен іс жүргізу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377 - V Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бүдан әрі - АІЖК) қағидаларында айқындалады.

АІЖК - нің 438 - бабының бесінші бөлігінде заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік кұқық нормаларын елеулі бұзұшылықтар сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады деп көзделген.

Осы әкімшілік іс бойынша осындай негіздер бар.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі Болатбек Турмаханович Батыршаевқа (бұдар әрі - талап қоюшы) қатысты 2024 жылғы 24 маусымдағы №5904HF100068 камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама рәсімдеген.

Оған сәйкес уәкілетті органның мәліметіне сай талап қоюшы Шымкент қаласы, Самал-3 шағын ауданы, Самалжел көшесіндегі, №86 үйді (бұдан әрі - мүлік) 60 000 000 теңгеге сатқан, деседе ол жөнінде жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмаған (бұзушылық сомасы 4 680 000 теңгені құраған).

Талап қоюшы аталған хабарламаны орындамағандықтан Департамент тарапынан жоспардан тыс салықтық тақырыптық тексеру жүргізу жөнінде 2025 жылғы 24 маусымда шешім қабылданып, 2025 жылғы 30 маусымдағы №201 нұсқама берілген.

Тексеру нәтижесі бойынша 2025 жылғы 11 тамыздағы №201 құжаттамалық салықтық тексеру актісі түзілген.

Осыған байланысты Департамент талап қоюшыға қатысты 2025 жылғы 11 тамыздағы №201 тексеру нәтижелері туралы хабарлама рәсімдеп, мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс салығы бойынша 3 930 194 теңге, өсімпұл - 1 785 916 теңге есептеген.

Талап қоюшы бұл хабарламамен келіспей, оны заңсыз деп танып, күшін жою туралы сотқа талап қоюмен жүгініп, оның негізіне салық органы мүлікті өткізу кезінде құн өсімін анықтау үшін оның нарықтық құны жөніндегі бағалау есебін негізсіз назарға алмағанын көрсеткен.

Әкімшілік органның мүлікке меншік құқығы туындаған күнге нарықтық құны анықталмауына байланысты бағалау туралы есепті жоққа шығарып, даулы хабарламаны қабылдағанын бірінші сатыдағы сот негізсіз деп тауып, талап қою қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымға келген.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жоя отырып, мұндай тұжырымын сот алқасы қате деп және даулы хабарламаны заңды және негізді деп санады. Алайда, апелляциялық сатыдағы соттың бұл тұжырымдарын кассациялық сот мынадай негіздер бойынша материалдық кұқық нормаларына сәйкес келмейді деп санайды.

Талап қоюшы 15 қазан 2021 жылы Шымкент қаласы, Абай ауданы, Самал -3 ш.а., Самалжел көшесі, 86 үй мекен - жайындағы жер учаскесін 13 200 000 теңгеге сатып алып, ол жер телімінде үй құрылысын салған. Үй құрылысы 1 шілді 2022 жылғы №3346 санды актімен пайдалануға қабылданып, сол күні мемлекеттік тіркеуге алынған.

Тұрғын үйді сатуға шешіп, «Ocenka Premium» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - ЖШС) №892/22 санды 27 тамыз 2022 жылы бағалау есебіне сәйкес тұрғын үй жер телімімен бірге нарықтық құны 65 192 000 теңгеге бағаланған.

Б.Т.Батыршаев 8 қырқүйек 2022 жылы тұрғын үйді 60 000 000 теңгеге сатқан.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120 - VI (Салық кодексі) (бүдан әрі - СҚ) 331- бабының 6- тармағына сәйкес, жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген жағдайларда (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда), мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін кірістер және мүлік туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

СҚ-нің 635-баның 1-тармағына (даулы құқықтық қатынастардың пайда болған кездегі түзетулерімен) кірістер мен мүлік туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей тапсырылады.

Осы іс бойынша 2022 жылға (мүлік сатылған жыл) арналған табыстар мен мүлік туралы декларация талап қоюшы тарапынан 2023 жылғы 15 шілдеге дейін ұсынылуы тиіс.

Талап қоюшының сатқан тұрғын үй мен жер учаскесінің нарықтық бағасы 65 192 000 теңге мөлшерінде «Ocenka Premium» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарапынан 2022 жылғы 27 тамызда анықталған. Осылайша, сатылған мүліктің нарықтық кұны декларацияны тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін анықталған.

Осыған байланысты, сатылатын мүліктің нарықтық құны 20 698 055 теңге мөлшерінде «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ анықтаған бағалау құнын негізге алған салық органының қорытындыларын кассациялық сот негізсіз деп санайды.

Өйткені нарықтық кұн 65 192 000 теңге мөлшерінде анықталған, ал жылжымайтын мүлік 60 000 000 теңгеге сатылған, яғни нарықтық құннан төмен.

Осыған сәйкес, салық органы тарапынан талап қоюшыға жеке табыс салығын қосымша есептеуге құқықтық негіздер жоқ.

Осыған байланысты, бірінші сатыдағы соттың даулы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы қорытындылары заңды әрі негізді болып табылады.

Осы іс бойынша апелляциялық алқа даулы құқықтық қатынастарға материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберді, бұл бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшіне енуімен апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жоюға әкеп соғады.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қаулыда баяндалған негіздер бойынша қанағаттандырылуға тиіс.

Осы іс бойынша шығыстар АІЖК-нің 107 - бабының, СҚ-нің 108 - бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес шешілуге жатады.

Кассациялық шағым беру кезінде талап қоюшы төлеген 8 574 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж тиісті бюджеттен қайтарылуға жатады.

ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігін және АПК-нің 451-бабының 2) тармақша 2-бөлігін басшылыққа алып, кассацилық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысының күші жойылсын.

  • Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік

  • сотының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі шешімі күшінде қалдырылсын.

  • Болатбек Турмаханович Батыршаевқа 8 574 (сегіз мың бес жүз жетпіс

  • төрт) теңге мөлшерінде төленген мемлекеттік баж қайтарылсын.

    • Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

М.А. Манабаева

Төрағалық етуші судья

Судьялар Н.Е. Нуралыева

Е.Б. Тулеев

⚠️ Текст документа получен на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.