№6003-25-00-2к/4242 4242 (2)
2026 жылғы 6 сәуір Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Н.Б.Ормаханов болып, прокурор Н.А.Молдахановтың, талап қоюшы Б.Н.Бегимбетовтың, өкілі Б.Д.Жумаевтың,
жауапкерлер өкілдері Л.М.Калиева мен А.Н.Толеубайдың қатысуларымен, бейне-байланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында Шымкент гарнизонының әскери сотының 2025 жылғы 24 маусымдағы шешімі мен Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысына талап қоюшы Б.Н.Бегимбетов пен жауапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымдарымен түскен,
талап қоюшы Бакытжан Нурланович Бегимбетовтың жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі», «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне 2014 жылғы 15 наурыздан бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін әскери міндетін орындау барысында денсаулығына келтірілген зақымға байланысты ай-сайынғы жоғалтқан табысының орнына төленетін өтем ақыны төлеуді және ай-сайынғы жоғалтқан табысын зейнеткерлік жасқа толғанға дейін төлеуді міндеттеу туралы электрондық азаматтық ісін қарап,
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 8)-тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
Шымкент гарнизонының әскери сотының 2025 жылғы 24 маусымдағы шешімі мен Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысының күші жойылып, іс бойынша жаңа шешім шығарылсын.
Талап қоюшы Бакытжан Нурланович Бегимбетовтың талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Жауапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Талап қоюшы Бакытжан Нурланович Бегимбетовтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Кассациялық сатыдағы сот қаулысы ол жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi.
Төрағалық етуші Г.Джаппарова Судьялар Н.Ормаханов А.Есдаулетов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.