ВС РК - Постановление от 17.12.2024 по делу 6001-24-00-6ап/1127 (Административное)

№6001-24-00-6ап/1127

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 17 желтоқсан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып, жауапкерлердің өкілдері В[...], Х[...]

қатысуыларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] ауылдық округ әкіміне

  • К[...] ауылының атауына және Кудряшов ауылдық округінің атауына И[...] есімін беруге міндеттеу;

  • К[...] ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №5 хаттамасының К[...] ауылының атауы және Кудряшов ауылдық округінің атауы «Ш[...] ауылы «Шайхы Әбішев» ауылдық округі деп өзгерту туралы жергілікті қоғамдастық жиналыс мүшелерінің қабылданған шешімдерінің күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы ұйғарымына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Б[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған. Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы шешімінің күші жойылып, талап қою кері қайтарылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымда іс бойынша соттар материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сай әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Сот алқасы кассациялық шағымның уәждерімен жауапкерлердің пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді. ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге апелляциялық сот алқасымен жол берілмеген.

Соттармен анықталғандай, 2023 жылғы 23 маусымдағы №5 хаттамасымен К[...] ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен К[...] ауылының атауы және Кудряшов ауылдық округінің атауы «Ш[...]» ауылы, «Ш[...]» ауылдық округі деп өзгертуге келісім берілген, жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын округ әкіміне жолдауға шешім етілген. Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, талап қоюшының өтінішін қарау барысында заң бұзушылықтарға жол берілмеген, осыған қоса К[...] ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыс мүшелерінің №5 хаттамасы заңды құраммен қабылданған деген тұжырымға келген.

Апелляциялық сот алқасы бұл тұжырыммен келіспей, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4-бөлігіне сәйкес жауапкермен қабылданған №5 хаттама түпкілікті әкімшілік акті болып табылмағандықтан, ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 11) тармақшасына сай іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындықтан кері қайтарылуға жатады деген дұрыс тұжырымға келген.

Сонымен қатар, талап қоюшы Б[...] жауапкерлер, оның ішінде К[...] ауылдық округ әкіміне К[...] аулының атауына және К[...] ауылдық округінің атауына И[...] есімін беруге міндеттеу туралы бөлігінде талап қою ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 12) тармақшасына сай кері қайтарылған, себебі заңды күшіне енген Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 16 мамырдағы ұйғарымымен тараптар арасында медиация келісі бекітілген.

Апелляциялық сот алқасының талап қоюды кері қайтару туралы тұжырыммен келісе отырып, сот алқасы ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 12) тармақшасын қолдану бөлігін алып тастау қажет деп санайды.

Себебі, медиация келісімін бекіту туралы ұйғарымынан анықталғандай, жауапкер бұрыңғы жасалған 2023 жылғы 17 қаңтардағы №3 хаттамасының күшін жойып, талап қоюшының арызын 2023 жылдың 10 шілдесіне дейін қайта қарауға міндеттелген.

Сот ұйғарымының орындау барысында, жауапкер талап қоюшының арызын қайта қарап, нәтижесінде даулы 2023 жылғы 23 маусымдағы №5 хаттамасын қабылдаған.

Яғни, бұл қаралып жатқан істің нысаны бөлек болып табылады.

Апелляциялық сот алқасы ұйғарымының уәждеу бөлігін өзгерту іс бойынша дұрыс шешілген сот актісін түзетуге әкеп соқпайды.

Жоғарыдағы көрсетілген негізінде, кассациялық шағым қанағаттандырылуға жатпайды. ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы Б[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова

Көшірмесі дұрыс. Судья

Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.