ВС РК - Постановление от 15.03.2021 по делу 6001-20-00-3Г/7218 (Гражданское)

№ 6001-20-00-3г/7218

Қ А У Л Ы

2021 жылғы 15 наурыз Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы С[...] талап қоюшы «Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-нің жеке кәсіпкер Қ.С[...] қаласындағы С.С[...] көшесі № 24 мекенжайында орналасқан жер телімінде 4-қабаттық құрылыс нысанын заңсыз салынған құрылыс деп танып, құрылыс нысанын жауапкерге өз есебінен бұзуды міндеттеу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы шешіміне, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысына «Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-нің келтірген өтінішхатын азаматтық істі алдырту арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта «Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті соттардың істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, арызды толығымен қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Алайда жеке кәсіпкер С[...] (бұдан әрі – ЖК С[...]) жасап отырған құрылыс нысанына қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мамандармен тексеру жүргізіліп, заң талаптары сақталмағаны анықталған.

ЖК С[...] 2017 жылғы 20 шілдедегі Жамбыл облысы Шу аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша үш ай мерзімге белгілі бір қызмет түріне рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, 5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде 11 345 теңге айыппұл салынған.

Кейіннен ЖК С[...] мемлекеттік органның қойған талабын сақтамай, өзінің іс-әрекетіне дұрыс қорытынды жасамағаны үшін 2019 жылғы 18 шілдедегі осы соттың қаулысымен ӘҚБтК-тің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 АЕК мөлшерінде, барлығы 37 875 теңге айыппұл салынған.

Салынып жатқан құрылысқа даярланған жобалық сметалық құжаттамасы тиісті сараптамадан өтіп оң нәтижелі қорытындысы болмаған жағдайда, бұл құрылыс нысаны өз бетінше салынып жатқан деп санауға жатады.

Даулы жер телімінде құрылыс заң талаптары сақталмай жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

ЖК С[...] 2017 жылы бастаған құрылыс нысанына әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткені туралы тиісті рұқсат құжатын алмағаны, құжаттарды толығымен әзірлеп болған соң құрылыс басталғаны туралы және жоба авторлары, авторлық қадағалау мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты уәкілетті органдарға жолдамағаны және хабардар етпегендігіне Бөлім кассациялық соттың назарын аударады.

Сонымен қатар, АПК-нің 427-бабы 4-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес судья шешімге қол қоймаған жағдайда сот шешімінің күші жойылуға жатады.

Анықталғандай, апелляциялық сатыдағы соттың судьясы қаулыға қол қоймаған.

Өтінішхат берушінің азаматтық даудың мән-жайлары толық, жан-жақты зерделенбей, осы дауды реттейтін материалдық заңнама соттармен дұрыс қолданылмағандықтан, процестік заң талаптары сақталмады деген уәждері сот отырысында тексерілуге жатады.

АПК-тің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы шешіміне, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысына «Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-мен келтірген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья

С[...]

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.