1
6001-22-00-6ап/2178(3)
Қ А У Л Ы
2023 жылғы 25 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші Н.Ү.Қайыпжан,
судьялар Д.А.Токмурзина, Ж.Б.Ермағамбетова болып,
талап қоюшы И[...],
жауапкер Алматы қалалық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы М[...] өкілі И[...],
мүдделі тұлға «Халық банк» (бұдан әрі - Банк) АҚ-ның өкілі Б[...],
мүдделі тұлға Т[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы И[...] жауапкер Алматы қалалық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы М[...] 2021 жылы 24 қарашадағы өткізілген аукционның іс әрекеттерін заңсыз деп тану және 2021 жылы 24 қарашада өткізілген аукционның хаттама қорытындысының күшін жою, бағалау есебінің күшін жою туралы талап арызы бойынша қабылданған,
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 01 маусымдағы шешіміне және Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 21 шілдедегі қаулысына жауапкердің және мүдделі тұлғалардың берген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы И[...] сотқа келесі талап арызбен жүгінген:
талапкер И[...] Алматы қаласы Әуезов ауданы, Жетісу-2, [...] үй, [...] пәтер мекен-жайында орналасқан тұрғын үйді сату бойынша 2021 жылғы 24 қарашада өткізілген аукционның хаттамасының және бағалау есебінің күшін жою туралы;
құны 29 940 552, 53 теңгені құрап, Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркеудің күші жойылып, мүлікке меншік құқығы туралы құжаттарды бастапқы қалпына келтіру туралы.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 01 маусымындағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған.
Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы М[...] 2021 жылы 24 қарашадағы өткізілген аукционның іс әрекеттерін заңсыз деп танылды.
2021 жылы 24 қарашада откізілген электронды аукционның №28579АП лоты, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Жетісу-2 ықшам ауданы, [...] үй, 34-пәтер мекен-жайында орналасқан, жалпы ауданы 91,2 ш.м., тұрғын ауданы 60,0 ш.м. құрайтын төрт бөлмелі пәтер сату туралы хаттама қорытындысы заңсыз деп танылып күші жойылды.
Талап қоюшынын бағалау есебінің күшін жою туралы талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 21 шілдедегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Жауапкер және мүдделі тұлғалар кассациялық шағымдарында бірінші сатыдағы сот шешімінің және апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып, күші жойылған бөлігінде әкімшілік талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Жауапкердің өкілі И[...], мүдделі тұлғалардың кассациялық шағымдардың уәждерін қолдаған түсінігін, талап қоюшы И[...] кассациялық шағымдарға қарсы пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актісінің күші жойылуға жатады деген қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Осы іс бойынша жергілікті соттармен аталған заң бұзушылықтарға жол берілген.
Іс материалдарына қарағанда 2021 жылы 14 қантарда, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының шешімі бойынша сот Банктің И[...] қатысты кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу туралы талап арызын қанағаттандырды және Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Жетісу-2 ықшам ауданы, [...] үй, 34-пәтер (бұдан әрі - «Пәтер») мекен-жайында орналасқан жалпы ауданы 91,2 ш.м., тұрғын ауданы 60,0 ш.м. құрайтын төрт бөлмелі пәтер өндіріп алынды және кепілдегі мүліктің бастапқы сату құны 30 866 549 болып белгіленді. Жоғарыда атап кеткен 2021 жылы 14 қантарда, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының шешімімен, М.[...] АҚ 2020 жылғы 9 желтоқсандағы шетел валютасындағы несиені айырбастау туралы хабарламасына сәйкес, 2019 жылғы 27 ақпандағы сот шешімі бойынша, қарыз сомасы 24 253 226,78 теңге болғаны анықталды.
2021 жылдың 18 наурызында атқарушылық өндіріс қозғалды.
2021 жылғы 24 қарашадағы электрондық аукционның қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес аукцион жеңімпазы Т[...] болып табылды.
2021 жылы 07 желтоқсанда Т[...] пен ЖСО М[...] арасында сатып алу-сату шарты жасалған, кейіннен Т[...] борышкерді үйден шығару туралы Алматы қаласының № 2 сотына Әуезов ауданына талап арыз беріп, сот ұйғарымы өндіріске қабылданды.
2022 жылғы 10 ақпанда борышкер және оның өкілі атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысты.
Бірінші сатыдағы сот жауапкер ЖСО талап қоюшыға өз мүлікті ерікті түрде өз бетінше сатуға мүмкіндік бермеген және құқықтарын түсіндірмеген, соның салдарынан оның құқықтары бұзылған деген тұжырымға негіздеген.
Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың мұндай тұжырымымен келісті, 2021 жылы 24 қарашада өткізілген аукционның хаттама қорытындысын күшін жою туралы талабы негізді болғандықтан дұрыс деп тұжырымдаған.
Жергілікті соттардың тұжырымдары негізсіз, іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес келмейді.
Жауапкер бірінші сатыдағы сотта қаралған кезінде, азаматтық іс қарау барысында борышкер қатысып, банктің талаптарын мойындап, сот актісіне шағымданбағанын, 2021 жылы 5 қазанда борышкерге сот актісін орындау қажеттілігі түсіндірілгенін, тұрғылықты мекенжайы бойынша барғанын, кейін ұялы телефон нөміріне қоңырау шалғанын, сөз сөйлеу барысында борышкерге аталған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өткізуге құқылы екені айтылғанын, оған борышкер қарсылық білдіргені туралы уәждері айтылған.
Алайда, жергілікті соттар осы дәлелдемелердің барлығын зерттемей баға бермеген.
ӘРПК-нің 8-бабының 1-ші және 2-ші тармақтарына сәйкес сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мәнжайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті. Егер заңда тиісті мәселелерді соттың шешетіні көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемшарттарын негізге алып шешуге міндетті. Істің мұндай тұрғысында апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жоюға жатады.
Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігінің, АПК-тің 451-бабының екінші бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 21 шілдедегі қаулысы өзгертілсін.
2021 жылғы 24 қарашада өткізілген аукционның хаттамасының күшін жою туралы қаулының қанағаттандырылған бөлігінің күші жойылып, іс Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына басқа құрамда жаңадан қарау үшін жолдансын.
Қаулының басқа бөлігі күшінде қалдырылсын.
Жауапкер мен мүдделі тұлғалардың кассациялық шағымдары ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Н. Қайыпжан Судьялар Д. Токмурзина
Д. Токмурзина Ж. Ермагамбетова
Көшірмесі дұрыс Судья
Ж. Ермағамбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.