2026 жылғы 28 қаңтар №6003-25-00-2к/4755 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., талап қоюшы А.Байжумиев, оның өкілі Н.А.Муратов, жауапкер Ф.М.Сахибеденов,
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Амангали Байжумиевтың жауапкер Фархат Мұратұлы Сахибеденовке, Әлібек Саматұлы Борисовке және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесіне берген сату-сатып алу туралы мәмілені жарамсыз деп тану, автокөлікті қайтаруды міндеттеу және оны тіркеудің күшін жою туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Атырау қалалық сотының 2025 жылғы 12 мамырдағы шешіміне және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысына талап қоюшының өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Атырау қалалық сотының 2025 жылғы 12 мамырдағы шешімі және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысы күшінде, талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.