Қ А У Л Ы
2026 жылғы 3 маусым №6003-26-00-2к/1775 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы О.Тауманов, талап қоюшының өкілі Р.Атчибаева, жауапкердің өкілдері М.Нұрмұханұлы және К.Зинеловтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы жеке кәсіпкер Омар Турашович Таумановтың жауапкер «Халық» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына сақтандыру төлемін өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 қарашадағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
О.Тауманов сотқа берген талап қоюында, жауапкер «Сақтандыру компаниясы «Халык» акционерлік қоғамынан талап қоюшының пайдасына 58 593 608 теңге өндіруді сұраған.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы шешімімен талап қоюшы О.Таумановтың талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі ұйғарымымен шешімнің күші жойылып, аталған істі бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша мәні бойынша қарау үшін Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының іс жүргізуіне қабылданған.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 803-бабы 1-тармағына сәйкес сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт
жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.
АК-нің 820-бабы 4-тармағы негізінде, мүлiктi және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) келтiрiлген нақты зиянның мөлшерiнен аспауы керек. АК-нің 820-бабы 6-тармағына сәйкес мүлікті және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шеккен нақты залалынан аспауға тиіс.
2023 жылғы 15 мамырда талап қоюшы мен банк арасында №CL100200866284 (DO157) жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт (бұдан әрі - кепіл шарты) жасалған. Кепіл шартына сәйкес талап қоюшы банкке өзіне меншік құқығымен тиесілі жылжымайтын мүлік объектілерін: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Өтеулі Алдаухов көшесі, 2-құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан мейрамхананы, шаштаразды кепілге берген, кадастрлық нөмірі 04:059:026:867:1, жалпы ауданы 1280,7 ш. м, бөлінбейтін жер телімімен бірге бөлінбейтін жер теліміне жер пайдалану құқығымен бірге, жалпы ауданы 0,2000 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі 04:059:026:867, жер телімінің нысаналы мақсаты - мейрамхана, шаштараз, сауна салу үшін) (бұдан әрі - кепіл мүлкі).
2023 жылғы 16 мамырда талап қоюшы мен жауапкер арасында кепіл шартын қамтамасыз ету үшін ZIM№10007605 сериялы сақтандыру полисін (бұдан әрі - сақтандыру полисі/сақтандыру шарты) ресімдеу жолымен банк қарыз алушыларының кепіл мүлкін ерікті сақтандыру шарты жасалған.
Сақтандыру полисі «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ мүлікті ерікті сақтандыру ережесіне (бұдан әрі - сақтандыру ережесі) қосылу шарты болып табылады. Егер полистің талаптары ережелерден өзгеше болса, онда полистің талаптары қолданылады. Полисте айтылмаған талаптар ережемен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Сақтандыру полисінің 1-тармағы 6-тармақшасына сәйкес сақтандыруға талап қоюшының жоғарыда аталған кепіл мүлкі қабылданған.
2024 жылғы сәуірдің басынан Атырау облысының Жылыой ауданында (Атырау облысы әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі №8 шешімімен) су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланған.
2024 жылдың сәуірінде орын алған табиғи апат - су тасқыны салдарынан жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікті су алып, бүлінген.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 9 сәуірде талап қоюшы жауапкерге сақтандыру жағдайы туралы өтінішпен жүгінген.
Нәтижесінде, 2024 жылғы 23 тамызда жауапкер банктің пайдасына 20 645 667 теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған.
Сақтандыру полисінің 11-тармағына сәйкес сақтандыру сомасы 82 896 600 теңгені құраған, шартсыз франшиза - өрт, жарылыс, дүлей зілзала салдарынан бүлінген, жоғалған (опат болған) кезде сақтандыру сомасының 10%.
Сақтандыру полисінің 16-тармағына сәйкес залал мөлшерін анықтау тәртібі сақтандыру ережелерінің 11-тарауымен реттеледі.
2024 жылғы 21 сәуірдегі №0089 «Атырау меншігін бағалау PKF» ЖШСнің жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебіне сәйкес кепіл мүлкінің нақты құны 202 058 000 теңгені құраған.
«ДЮ» жеке кәсіпкерінің жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы 2024 жылғы 14 мамырдағы №17 есебіне сәйкес, жер телімінің құнынсыз кепіл мүлкін қалпына келтіру жөндеу құны 70 529 000 теңгені құраған.
Сақтандыру полисінің 4-тармағына сәйкес банк сақтандыру жағдайы басталған күнгі негізгі борыш қалдығы мөлшерінде бірінші кезектегі пайда алушы болып табылады.
Банктің 2024 жылғы 3 шілдедегі анықтамасына сәйкес талап қоюшының банк алдындағы несиелік берешегі 173 217 123,3 теңгені құраған.
Осыған байланысты жауапкер жоғарыда аталған оқиғаны сақтандыру жағдайы деп танып және талап қоюшының өтініші негізінде банктің пайдасына 20 645 666,9 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» №8 нормативтік қаулысының 35-тармағына сәйкес пайда алушы - сақтандыру шартына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға болып көзделген.
Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша пайда алушыны сақтанушы тағайындайды. Егер сақтанушы сақтандырылушы болып табылмаса, онда пайда алушы сақтандырылушы болуы керек немесе ол сақтандырылушының жазбаша келісімімен тағайындалады.
АК-нің 306-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру жағдайы басталған кезде кепіл берушіде кепілге салынған мүлікті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы одан кепіл ұстаушы бас тартқан жағдайда ғана туындайды.
Кешенді сақтандыру шартының 1.2-тармағына сәйкес, пайда алушы — осы шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алуға уәкілетті тұлға. Аталған шарт бойынша бірінші кезектегі пайда алушы ретінде банк көрсетілген.
Осы шарт бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюымен жүгінгенде, кепіл беруші (сақтандырылушы) банк өз пайда алушы ретіндегі құқығынан бас тартқанын растайтын дәлелдемелерді ұсынуы тиіс.
Үшінші тұлға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның өкілі Ж.Сәменов банктің сақтандыру шарты бойынша өзінің талап ету құқығынан бас тартпағынын және талап қоюшы жеке кәсіпкер О.Таумановқа сақтандыру төлемін өндіру туралы талаппен сотқа жүгінуге келісім бермегенін, өздерінің тараптарынан банктің пайдасына 20 645 667 теңге көлемінде аударылған сақтандыру төлемінің дұрыстығы дауланбағанын көрсеткен.
АК-нің 838-бабы 2-тармағына сәйкес, пайда алушы сақтанушымен келісімінен туындайтын сақтандыру шарты бойынша белгілі бір міндеттерді орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша талап қойғаннан кейін оны басқа тұлға алмастыра алмайды.
Талап қоюшы жеке кәсіпкер О.Тауманов талабында жауапкер «Halyk» сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемін өзінің пайдасына өндіруді сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 72-бабына сәйкес, әрбір тарап өз талаптары мен қарсылықтарының негізіне сілтеме жасаған мән-жайларды дәлелдеуге міндетті.
Банк өз пайда алу құқығынан бас тартпаған.
Осы мән-жайларды ескеріп, сот талап қоюшының сақтандыру төлемін өндіру туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылуға жатады деген дұрыс тұжырым жасаған. Сотпен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді. Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Шағымның уəждері сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, алқа қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 қарашадағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
А.Даненова
М.Ибрагимова
Судьялар
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.