6003-25-00-2к/3532
2026 жылғы 20 қаңтар
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,
судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева,
талап қоюшының өкілі Қ.Аманқосұлының, жауапкер«Caspian Space» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ғ.Ғизатовтың, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың өкілі Ш.Қаршығаеваның қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «Caspian Space» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамына өз бетімен салынған заңсыз құрылысты мәжбүрлеп бұзу, тұрғын емес үй-жайды меншік иесінің дербес пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тану және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар Гуляим Нурболатовна Сараеваның, Олжас Бауржанович Куламбаевтың, Иван Андреевич Овгановтың, Ержан Нуридинович Омаровтың, Сергазы Культореевич Нурбаевтың жауапкер «Caspian Space» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңсыз орнатылған жүйелерді мәжбүрлеп бұзу туралы электронды азаматтық істі жауапкер «Caspian Space» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Ғ.М.Ғизатовтың Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 15 қаңтардағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
В.Е.Тохтарбаева
Судьялар:
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.