№6003-25-00-2к/1058
№6003-25-00-2к/1058 (2) ҰЙҒАРЫМ
2025 жылғы 25 қараша
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында:
төрағалық етуші судья Ж.К.Рустембеков,
судьялар Л.С.Алпысова, А.О.Тогумбетова,
талап коюшы өкілі Б.С.Айткасимовтың,
жауапкер «SUNRISE CY» ЖШС-нің өкілі Н.Т.Мусакуловтың,
жауапкер «KKS Construction group» жауапкершілі шектеулі сріктестігінің (бұдан әрі -ЖШС) директоры К.С.Алжановтың,
жауапкер «Асад-ЛТД» ЖШС-нің директоры Ә.Б.Ақжоловтың,
жауапкер «Құрылыс Сервис-2014» ЖШС-нің өкілдері Н.Н.Боранбаевтың, Ф.А.Түзеловтің,
үшінші тұлға «Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің өкілі Ұ.Қабылбайдың үшінші тұлға Г.А.Нуридинованың қатысуларымен, бейнеконференц байланысы арқылы
талап қоюшы «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі -Басқарма) жауапкерлер «SUNRISE CY» ЖШС, «KKS Construction group» ЖШС-не, «Асад-ЛТД» ЖШСне, «Құрылыс Сервис-2014» ЖШС-не, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекен-жайда орналасқан «студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған жатақханасын» 2024 жылғы 27 тамыздағы объектіні пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тану туралы талап қоюы жөніндегі электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының және үшінші тұлға Г.А.Нуридинованың Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымдары бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Басқарма жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, өз талаптарын объектілерді қабылдау мен пайдалануға берудің заңдарда белгіленген тәртібі бұзылғанымен негіздеген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 4 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған. Жауапкер «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекен-жайда орналасқан «студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған жатақханасын» (бұдан әрі - жатақхана) 2024 жылғы 27 тамыздағы объектіні пайдалануға қабылдау актісі жарамсыз деп танылған. Сот шығыстарының мәселесі шешілген.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, Басқарманың талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.
Басқарма мен үшінші тұлға Г.А.Нуридинова кассациялық шағымдарында апелляциялық сот іс үшін маңызы бар мән-жайларға дұрыс құқықтық баға бермегенін, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Кассациялық сот іс құжаттарын зерделеп, іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін тыңдап, келесі негіздермен азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қажет деген тұжырымға келді.
Басқарма объектіні пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тану туралы талабын құрылыс-монтаждау жұмыстарының толық аяқталмағанымен, жауапкерлердің объектілерді қабылдау мен пайдалануға берудің заңдарда белгіленген тәртібін бұзғандарымен және «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі жатақхана құрылыс жобасы үшін әзірленген 2024 жылғы 2 тамыздағы №KZ78VUA01194297 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен 2023 жылғы 27 маусымдағы №KZ74VUA00924418 эскиздік жоба «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 23 қазандағы №186 бұйрығымен күші жойылғанымен негіздеген болатын.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдағанда талап қоюшының бұл негіздемелеріне тиісті бағасын беріп, оның ішінде атап айтқанда «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі жатақхана құрылыс жобасы үшін әзірленген 2024 жылғы 2 тамыздағы №KZ78VUA01194297 сәулетжоспарлау тапсырмасы мен 2023 жылғы 27 маусымдағы №KZ74VUA00924418 эскиздік жоба «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2024 жылғы 23 қазандағы №186 бұйрығымен қабылданған сәттен бастап күші жойылған деген тұжырымға келген.
Алайда, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен «SUNRISE CY» ЖШС-нің «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне іс-әрекеттерін заңсыз деп тану, 2024 жылғы 23 қазандағы №186 бұйрықтың күшін жою және әкімшілік рәсімдерді тоқтатуды міндеттеу туралы талап қоюы қанағаттандырылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 маусымдағы қаулысында Шымкент қаласының
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен анықталған мән-жайларға сілтеме жасалынған.
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың 2025 жылғы 25 қарашадағы мәліметіне сай «SUNRISE CY» ЖШС-нің «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ісәрекеттерін заңсыз деп тану, 2024 жылғы 23 қазандағы №186 бұйрықтың күшін жою және әкімшілік рәсімдерді тоқтатуды міндеттеу туралы талап қоюы жөніндегі әкімшілік іс кассациялық соттың өндірісіне қабылданған.
Қазіргі кезде жоғарыда аталған әкімшілік іс бойынша қабылданған сот актілері кассациялық тәртіппен қаралынуына байланысты әлі күшіне енбеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі -АПК) 272-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасына сай сот азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізуде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін бұл істі қарау мүмкін болмаған жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
Кассациялық сот жоғарыда көрсетілген негіздерге байланысты әкімшілік іс бойынша іс шешілгенге дейін бұл азаматтық істі қарау мүмкін емес екінін назарға алып, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қажет деп санайды. АПК-нің 272-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасын, 268, 269 баптарын басшылыққа алып, сот
ҰЙҒАРДЫ:
Талап қоюшы «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «SUNRISE CY» ЖШС-не, «KKS Construction group» ЖШС-не, «Асад-ЛТД» ЖШС-не, «Құрылыс Сервис2014» ЖШС-не, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекенжайда орналасқан «студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған жатақханасын» 2024 жылғы 27 тамыздағы объектіні пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тану туралы талап қоюы жөніндегі азаматтық ісі бойынша іс жүргізу басқа әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралынып жатқан іс шешілгенге дейін тоқтата тұрылсын.
Төрағалық етуші, судья: Ж.Рустембеков Судьялар:
А.Тогумбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.